ҚР Қорғаныс министрлігі қай азаматтардың әскерге шақыртылмайтынын мәлімдеді.
Денсаулығы жарамсыз деп танылғандар; 27 жасқа дейін шұғыл әскери қызметке шақыртылмағандар; әскери міндетін орындау барысында жақындарының бірі (анасы, әкесі, әпкесі, ағасы) қайтыс болса немесе әскери қызметте бірінші, екінші топтағы мүгедек болып қалса; әскери борышын өзге мемлекетте өтегендер, арнайы мемлекеттік органдарда әскери борышын өтегендер бейбіт кезеңде әскерден босатылады.
Мұнымен қоса, оқу жылы кезеңінде күндізгі оқыту режиміндегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері; күндізгі оқу тәртібінде білім алып жатқандар; әскери міндетті әйелдер; 18 жасқа дейін үш немесе одан көп балалары барлар; алдын ала тергеу амалдарына тартылған немесе қылмыстық ісі сотпен қаралып жатқан адамдар; ҚР Парламентінің немесе жергілікті өкілдік органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер жауынгерлік жиындарға шақыртылмайды.