Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қордай ауданында ақсақалды ұрып-соққан жігіт пен оның әкесіне үкім шығарылды

449
Сурет: sergign / Shutterstock
5 ақпан күні сотталғандар 78 жастағы Төлеген Құдашбаевты соққының астына алған еді. Осы оқиғадан кейін Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік орнады.

Іс материалдарыны сәйкес, барлығы сотталғандардың ауласынан басталған. Баласы әкесінің жүк көлігімен ауладан шығуына көмектесу үшін көшеге шығады. Осы уақытта сол көшемен  жәбірленуші мен оның екі ересек ұлы автокөлікпен келе жатады.

Құдашбаевтың ұлының бірі машинадан шығады. Онымен сотталушының арасында жанжал туындайды. Жанжалға Юнхтің інісі мен әкесі, Төлеген Құдашбаев пен оның үлкен ұлы араласып, төбелес басталып кетеді.

Юнхтің әкесі Құдашбаевтың қабырғасының астынан балғамен ұрады, ал оның ұлы жәбірленушінің ішінен тебеді. Жәбірленуші құлап, санын сындырып алады. Ұлдары әкесін қорғауға ұмтылғанда, Юнх олардың бірінің басынан таспен ұрады.

Жасы үлкен сотталушы сотта жәбірленуші оған және оның ұлдарына таяқ алып жүгірді деп мәлімдеді. Сотталушы оның қолында балғаның болмағанын және Құдашбаевқа қарсы балға қолданбағанын айтты

Кіші сотталушыға ортақ режимдегі колонияда екі жарым жыл жазасын өтеу белгіленсе, оның әкесіне осы мерзімде еркіндігін шектеу жазасы белгіленді. Сотталғандар Құдашбаевқа барлығы 3 млн теңге шығын өтеуі керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз