Бұл сұрақтың жауабы іздемей-ақ табылды: Қазақстанда жақсы мүсіншілер бар! Бірақ анығын айтсақ, олар әзірге біздің елде жұмыс істемейді…
Ал бұл Мансұровтың жұмысы, Батырхан Шукеновке қойылған ескерткіш:
Мұрат көптеген қайталанбас туындыларды дайындауға қатысқан. Мысалы елордадағы «Қазақ Елі» және Салтанат аркасы, сондай-ақ Тараздағы «Жәнібек пен Керей» монументтері. Ол Атыраудағы Фариза Оңғарсынованың ескерткішінің де авторы.
Түріктің Болу қаласындағы (Ыстамбұл мен Анкараның ортасында орналасқан) «Кероғлы» монументін де осы автор мүсіндеген. Ал оның салмағы 500 тонна, биіктігі 70 метр (Түркиядағы ең биік мүсін). Өте сапалы жұмыс, біздегідей әрбір деталінің материалын үнемдемегені көрініп тұр.