Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қойыңдар!” АҚШ-тың бас прокуроры қалай ақталды?

АҚШ-тың әділет министрлігін басқаратын Сешнс АҚШ әкімшілігіндегі ең жоғары лауазымды тұлғалардың бірі болып саналады.

Өткен аптада сенаттың барлау жөніндегі комитеті FBI-дің бұрынғы директоры Джеймс Комиді тыңдаған. Ол Ресей билігінің АҚШ-тағы президент сайлауына араласқанына күмән келтірмеді. Бірақ оның қолында дәлел келтіретін ешқандай куәлік жоқ екенін айтты. Оның сөздерінше, бірінші кибер шабуыл 2015 жылдың жазында болған.

Коми сонымен бірге 14 ақпанда Ақ үйде президент Трамппен кездескенін, онда президент кабинеттегі өзге адамдарға екеуін оңаша қалдыруын сұрағанын атап өтті. Сол кезде президент құпия ақпарат жөнінде айтып, Флинн жөнінде сөз қозғаған. Комидің сөздерінше, Трамп Флиннді қайта-қайта “жақсы адам” деп, оған қатысты тергеу ісін тоқтатуды талап еткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз