Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қобыланды батыр жыры әзербайжан тілінде жарық көрді

431

Қазақ халқының қаһармандық жыры Қобыланды батыр енді әзербайжандық оқырмандарға қолжетімді. Оны осы елдегі жоғары оқу орнының профессоры аударған. Ал басып шығару ісі Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі қолдауымен жүзеге асты. “Қобыланды батыр – қазақ халқының мазмұны мен мәні зор эпостық дастандарының бірі», – дейді аударма авторы.

Низами Мамедов-Тагисой, профессор:

– Қазақ халқы жаһандық және түркі эпосына өз мөрін қалдырды. Себебі қазақтарда өмір туралы, тұрмыс-тіршілік, тарих, психология, этногенез және тағы басқа тақырыптарға бағытталған эпостық шығармалар көп. Ал мен аударған батырлар жыры өте қызық әрі тартымды. Оны оқысаң қазақ халқының өмірі, тарихы, орта ғасырдағы тұрмыс-тіршілік пен салт-дәстүрі сынды керемет көрініске куә болғандай күйге енесің.

Профессор мұндай туындылардың аудармасы түпнұсқаны сақтау тұрғысынан ерекше ұқыптылықты талап етсе керекті. Оның айтуынша, Қобыланды батыр эпосының басқа нұсқалары түркі халықтарының әдебиетінде де кездеседі екен.

«Дегенмен олардың ішіндегі ең ұлысы қазақ тіліндегі Қобыланды батыр жыры», – дейді профессор.

Низами Мамедов-Тагисой, профессор:

– Менің ойымша, аударма жасағанымыз өте маңызды әрі дұрыс шешім болды. Біздің студенттеріміз, жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық факультеттің студенттері енді қазақ халқының орта ғасырдағы өмірімен жіті танысып, Қобыланды, Қараман, Бөгенбай сынды батыр ұлдарының ерлігінен хабардар болады.

Қазақ әдебиетінің шығармаларын аударып, басып шығару Әзербайжанда бірінші рет қолға алынып отырған шара емес. Бұған дейін лиро-эпостық поэма «Қыз Жібек» және қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құанабаевтың кітаптары да әзербайжан тілінде жарық көргені белгілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз