Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ҚХР-дің бас консулы Қытай мұсылмандарына қысым көрсетілуде деген мәліметке пікір білдірді

Шенеунік бұл ақпаратты жоққа шығарып, қай ел үшін де қауіпсіздік маңызды екенін атап өтті.

“CNN – батыстың басылымы. Оларға сенбеңіздер. Қытайда ондай ұғым жоқ. CNN жақсырақ ақпараттанған сияқты ғой, солардан сұрап көріңіздер. Дегенмен кез келген ел үшін қауіпсіздік бірінші мақсат екені анық.

Қазақстанда да тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған осындай шаралар жүргізіледі. Қытайда, Америкада да, басқа елдерде де сол. Ешқандай ел мұндай мәселеге назар салмайды.

Дегенмен бұл мәселе бойынша, Батысқа қарағанда, Қытайдың баспасөзіне назар аударған жөн. Әрине Батыстың баспасөзі еркін екенін білеміз. Дегенмен тағы да атап өткім келеді, жылдамдық, шындық және объективті болу – міне нағыз БАҚ қызметкерлерінің қасиеті”, – дейді бас консул.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз