Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазір жынның арбауында жүрген адамдар көбейіп кеткен – ақтөбелік имам

321

Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Мен бұрын облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде молда болдым. Біздің беретініміз — рухани қолдау. Адамдар емшілерге көп бара береді. Керек емес, олар сенің қуатыңды алып тастайды. Үйде құран оқылмаса да адамды ластық баса береді.

Маған «жолымды ашып берші» дейтіндер көп. «Саудам жүрмей жатыр» деп кәсіпкерлер, «жолым болмай жүр» деп намаз оқитын жігіттер де келеді. Қыздардың тілегі: түс көрдім, жолым болмай жүр, күйеуге шыққым келеді деген секілді. Дем салғызып, тұрмысқа шыққысы келетін қыздар көп. Үйлеріне барып Алланың есімдерін атап кетемін. Ем Алладан болады, таза жүру керек. Біз көзқарасымыз дұрыс адамбыз», — дейді Мұхаметқали Шүкірәлиев.

https://kaz.365info.kz/sajtan-degen-osy-pissimilla-dep-zholda-ote-sakh-bolynyz-285652

Имам ажырасқалы жүргендерге де дем салып береді екен. Айтуынша, қазір ішіне жын кіріп ауыратын адамдар көбейіп кеткен.

«Адам өмірден шаршап, қиялы кетіп қалады. Бұл жынның әлемі, адамды арбайды.

Маған жынмен кетіп қалған адамдар көп келеді. Құранмен емдеп, арасында қамшымен соғып тұрамын.

Мен ауызбен айтып емдеймін, аталарымыз молда болған кісі. «Ажырасқалы жүр едім, қосшы» деп келетіндер де бар. Оларға суға дем салып беремін және құран оқимын.

https://kaz.365info.kz/mojyndajmyn-zhesir-ajelmen-seks-zhajly-angimelesken-dintanushy-bar-shyndykhty-ajtty-283347

«Әйеліммен, күйеуіммен табыстыршы» дейтіндердің көбі намаз оқымайтын адамдар. Жалпы қазір қиялға беріліп, жынның арбауында жүрген адамдар көбейіп кеткен», — дейді Шүкірәлиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз