Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазармада үстіне төсек құлаған сарбаз ауруханада ауыр жағдайда жатыр

Түтікшеден су ішіп, басын көтере алмай жатқан жас жігіт Бақтияр Қаламыш. Отан алдындағы борышын өтеу үшін Павладар облысынан әскерге шақыртылып, Отардағы 82 796 әскери бөлімінде қызмет еткен. Енді екі ай өтпей Алматыдағы ауруханада жатыр. Сөйлеуге де шамасы жоқ.

«Барлығы казарманың алдында болған. Ол жерде палатка тұрған. Темір нар төсекті балалар өзі құрған екен. Соған жатқанда менің балам астыңғы қатарда болған. Төсек тайып келіп белін басқан»,-дейді Бақбергеннің әкесі Қаламыш Жақсылықұлы.

Темір төсекпен бірге он шақты бала үстіне құлағанда Бақбергеннің бел омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Қазір белден төмен жан жоқ. Дәрігерлер аяғына тұрып кетуі екі талай деп отыр. Ал әкесі бұған әскери бөлім басшыларын кінәлайды.

«Баламды күнін кешіктірмей тездетіп жақсы больницияға, керек болса шетелге апарып емдеп берсін. Сау бала бергенмін, баламды енді арқалап қайтқым келмейді. Материалдық -моральдық шығындарды талап етем»,-дейді Бақбергеннің әкесі Қаламыш Жақсылықұлы.

Қамкөңіл әкенің ұлына массажист пен психологты да алдырта алмай жүргеніне екі апта болған. Бірақ әскерилер асығар емес.

«Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша нақты шаралар қолданылады. Бақбергеннен басқа ешкім зардап шекпеген. Қазір оған барлық көмек көрсетілуде. Тезірек жазылып кетуін күтеміз»,-дейді  «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы тәрбие бөлімінің бастығы Самат Түлепбаев.

Ал, Бақбергеннің әкесі қарап отырмақ емес. Әскери прокуратураға арыз жазып, борышын өтеуге кеткен ұлының қауіпсіздігіне жауаптылардың  қатаң жазалауын талап етпек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз