Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Қазан айында қатерлі ісік ауруларына тегін тексерілуге болады

6 және 12 қазан күндері 9.00 – 14.00 уақыт аралығында сүт безінің қатерлі ісігімен күресу айына орай Денсаулық сақтау министрлігінің Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Ашық күндер өтеді.

Тегін кеңес беруді институттың жетекші мамандары – білікті маммологтар жүргізеді.  Патология белгілері анықталған жағдайда УДЗ, маммография және көрсеткіш бойынша биопсияның түрлері тегін болады.

Егер әйелдерде отбасылық тарих болса, онда оларға институтта сүт безі қатерлі ісігіне байланысты генетикалық бейімділікке тест тапсыруларына болады.

Мекенжай: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Шағабудинов көшесі қиылысында. Қабылдау-кеңес беру бөлімі.

Қазақстан бойынша онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі бірінші орын алады. Жыл сайын республикада жаңа 4000-ға жуық сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдер тіркеледі. Бұл аурудан елімізде жылына 1400-ге дейін адам қайтыс болады.

Қазақстанда 40-70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда 1 рет тегін маммографиялық тексеруден өтіп тұрулары қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз