Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Қазақтар «Ланд Крузер» джип мінгенді жетістік санайды» – кәсіпкер Қуаныш Шоңбай

256

Бізде елмен жарысу деген әдет бар. Ең қиыны – өзіңмен жарысу. Ол деген – жасау.

Адамның ішінде белгілі бір талант болады. Ол көзге көрінбеуі де мүмкін. Сол талантты іздеу керек. Біз көбінесе потенциал, қабілетімізді байқамаймыз. Алға қойған идеядан қорықпау керек. Жалпы, біздің қоғамда армандаудан қорқады. Ал, армандамаған адамға көмек бере алмайсың. Одан кейін, бір күнде жетістік болмайды. Әр жетістіктің артында еңбек жатыр. Ал, жеңістің негізгі кілті – мақсат.

Біздің қателігіміз – бүгінгі күнмен емес, кешегі күнмен өмір сүру.

Тегін білімге қарсымын. Себебі, тегін келген дүниенің құны жоқ. Кез келген жеңіс шабуылдың нәтижесінде келеді. Бұл дегеніміз – өзіміздің қателіктеріміз және кемшіліктерімізбен күресу.

Тағы бір мәселе – комплекс пен сенімсіздік. Комплексі бар адам артқа шегінеді. Сенімі жоқ адам да алға қадам жасай алмайды. Неліктен кейбіреулер біреудің жолына қарайды? Өйткені, басын қатырғысы келмейді. Жетістікке жету үшін басты қатыру керек, қатырудың жолдарын іздеу керек»,

– деді «Бақытты әйел» бағдарламасының қонағы.

Толық видеосы мына жерде.
https://kaz.365info.kz/zhas-khyzdar-zhyluyn-syjlauy-kerek-bakhytty-ajel-tok-shouynyn-zhyrgizushileri-301213

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз