Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қазақтар қарғайды…”. Боратты Астанаға әкелем деген біреу желіде сөз естіп қалды

Шынымен де осындай идеяны суыртпақтап ортаға тастап, оны дауысқа салып, ертең соны бір жерде қорғап, ақша алып, Боратты осында алып келмесе неғыл дейсіз?

Ал ол өз идеясын ортаға орысша тастаған, яғни орыстілді ортаға. Бұл арада қазақтілділердің пікірі еленіп жатқан жоқ.

Бірақ пікір қалдырғандар арасынан бір-екі қазақ тіліндегі пікірді көзіміз шалып қалды. Бар қазақтың айтпақ ойының үстінен дөп түсіпті. Айтқанда, кесіп айтыпты. Бізге ұнады.

https://kaz.365info.kz/maskhara-boldy-auaga-tarap-ketken-radiatsiyaga-khatysty-europanyn-ajyby-rastaldy-290568

Қаламқас деген пікір қалдырушы:

“Баламысың деген. Ой, Айнұр не деген аңғалсыз. 1000 Боратты алып келсеңіз де Қазақстанға турист келмейді. Кеше ғана Ксения Собчак Қазақстан шекарасында екінші Чернобыль болды деп, мұқым елге құпияны әшкере қылды емес пе?

Ауа-райына да қараңыз. Күнде экологиялық фон өте нашар деп беріледі. Кім денсаулығын қауіпке тігеді? Оң жағында Қытай, сол жағында Ресей атомды тарсылдатып жарып жатыр. Екі жақтан бұлттарды қуалап әлек қос ел де, содан жылда топан су, ал топан су деген жұт, түрлі ауруды қоздыратын, Байқоңырың тағы бар, төбеден гептил шашып. Мен ақшамды шығарып, ондай жерге бармас ем. Туристі шақырса, сол жасыл экономикасын сөзбен емес, іспен пайдаланып, таза қала етсін. Ең құрымағанда Алматы мен Астананы. Көк түтіннен көрінбейді, ужассс просто!” деп жазыпты.

Рас, бұл сөздің бір өтірігі жоқ. РФ президенті тағына таласып, бағып сынап жатқан олигархтың қызы – Собчак солай деп айтты. Ал одан бұрын: “Қазақстан мен Ресей шекарасы маңынан ауаға радиация тарап жатыр, оны бізге қарай қууда” деп бүкіл Еуропа дабыл қағып, шулаған. Еуропа шулап кетті деген соң бірдеме деген болуы керек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев атып шығып мұны жоққа шығарды. Көп ұзамады, артынан Ресей айыбын мойындады.

Еуропа түк қателеспепті.

Қазақстан мен Ресей шекарасында, нақтырақ айтқанда, Оралдың оңтүстігіндегі Росатомға тиесілі «Маяк» комбинаты маңынан улы қалдық ауаға тараған. Ауаға тараған у – рутений-106 болып шықты.

Міне, осы 2017 жылдың соңында болған оқиға бұл. Оны экологиялық апатқа балады шетелдіктер.

Қазір дамыған заман ғой. Кез-келген турист телефонымен-ақ ғарыш арқылы қалаған елдің экологиялық ахуалын қадағалай алады. Ал онда басқасын айтпағанда, туристере ыңғайлы, қызмет көрсету сапасы салыстырмалы түрде тәуірлеу деген Алматы мен Астанаңыз көк түтіннен көрінбейді. Астанаға газ жүрмеген, содан соң түтін, ал Алматыда көлік көп, нақтысын айтқанда, сапалы бензин жоқ, оған жағдай жасалмаған.

https://kaz.365info.kz/khorykhpanyzdar-auadagy-radiatsiyalykh-fon-shekti-kolemnen-askhan-zhokh-ministr-291593

Одан соң тура осы пікір қалдырушы:

“Қазақтар қарғайды: “Бүйткен пиарыңның басына си…н” деп. Одан да сол ақшаға Астанаға газ тартпай ма деп. Күйіп кетесің де, “ұятмен” деп өз ұлтының болмысын жаман қып көрсетуге тағы болмайды…” деп жазады.

Соған қарағанда пікір қалдырушымыз күйіп кеткен секілді. Қазақтар оңайшылықпен қарғанбайды, өйткені қарғыс қайтып өз иесін табады дейді. Бірақ, пиаршылар-ау, сонша мақтаған еліңіздің астанасында газдың болмауының өзі өзіңізге сын емес пе?..

https://kaz.365info.kz/almaty-seks-turizmnin-ortalygyna-ajnala-ala-ma-276824

Дорогие друзья, неравнодушные Казахстанцы! Мои коллеги телевизионщики! Важно ваше мнение! Прошу максимальный РЕПОСТ!…

Gepostet von Ainur Nussipbekova am Sonntag, 25. Februar 2018

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз