АҚШ-тың мемлекеттік департаменті өзінің сайтында Қазақстанға саяхатқа аттанатын американдықтарға арналған жадынама жариялады.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.
“Жалпы терроризм қаупі бар. Шабуылдар шетелдіктер баратын орындарды қосқанда түсініксіз болуы мүмкін. Қазақстандық билік тарапынан жасалған қауіпсіздік туралы кез келген хабарламаларға мұқият болыңыздар. Қандай да бір күмән болған жағдайда Астанадағы елшілікпен немесе Алматыдағы бас консулдықпен байланыс ұстап отырыңыздар”, — делінген хабарламада.
Дипломаттар отандастарын сақ болып, көшеде үлкен сомадағы қаражат алып жүрмеуге кеңес береді. Бұл ретте олар соңғы уақытта кең таралып жатқан банкоматтардағы скимминг секілді қаржылық алаяқтық туралы ескертеді. Жадынамада Қазақстанда ресми тіркелмеген такси қызметін пайдланбау туралы кеңес береді.
“Маңында төбелес болып жатса мейрамхана немесе бардан кетіңіздер және үнемі ортаңыздағы адамдар туралы біліп жүріңіздер”, — делінген жадынамада.
Қазақстанда жолдар өте нашар, әсіресе ауылдық өңірлерде. Жарықтандыру және жолдардағы белгілер де көп қойылмаған. Жолдарда шұңқыр көп, көбіне олар қауіпті тереңдікте. Жаяу жүргіншілер көбіне көліктің алдына жүгіріп шығады. Жолдардағы агрессия проблема туғызуы мүмкін. Сіздерге ондай әрекеттерге жауап бермеуге кеңес береміз”, — деп көрсетілген жадынамада.