Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты келіп түскен көңіл айту жеделхаттары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Парламент палаталарының спикерлері, сонымен қатар, Астана және Алматы қаласының, бірқатар өңірдің әкімдері көңіл айтты.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды қатты қайғыра қабылдады.

«Алладан марқұмды панасына алуда, ал Сізге және отбасы мүшелеріңізге сабыр тілеймін», – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтып, жылы сөзімен жұбатып, қолдау білдірген.

«Сізге және отбасыңыздың барлық мүшесіне сабыр мен қуат тілеймін», – делінген хатта.

БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның Тұңғыш Президентіне:

«Алла сізге және отбасыңызға осы ауыр қазаны еңсеруге күш берсін», – деді.

Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов өзінің жеделхатында:

«Ажал қайғы мен қуанышта жаныңыздан табылған, талай өмір жолынан өткен жақын әрі қымбат адамды алып кетті», – деп жазды. «Бірге өмір сүрген жылдағы жарқын естеліктер, туыстар мен жақындарыңыздың, адал достарыңыздың жанашырлығы мен қолдауы осындай сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, жеңілдетуге көмектессін», – деп тіледі Татарстан Раисы.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері, соның ішінде ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қ.Әбдірахманов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы басшысы Сума Чакрабарти және т.б. көңіл айтты.

Бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына саяси және қоғам қайраткерлерінен, депутаттық және дипломатиялық корпустар өкілдерінен, еліміздің діни қызметкерлері мен бизнес қоғамдастығынан, сонымен бірге, Қазақстан халқынан көңіл айту жеделхаттары жолданды.

Авторлар жеделхаттарында ұзақ жыл бойы Болат Әбішұлының қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарына белсенді араласқанын атады. Атап айтқанда, оның бастамасымен құрылған «Салиқалы Ұрпақ» қоры 2016 жылдан бастап білім беру, денсаулық сақтау, халықтың осал тобына қолдау көрсету сынды қайырымдылық жобаларын жүзеге асырған. Сонымен қатар, Қор 2022 жылы ел Президентінің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына 1 млрд теңге аударды.

Халық оны ашық, адал әрі жомарт адам ретінде еске алды, оның жарқын бейнесі білетіндердің жадында мәңгі қалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз