Байланыс және телерадио хабар таратудағы ақпараттандыру, электронды құжаттандыру және электронды сандық қол қою саласының техникалық қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімтеттің бұл қаулысы нормативтік құқықтық актілерінің “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесі деп жарияланған. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты болған “Мемлекеттік техникалық қызметі” шаруашылық жүргізу құқықығында ҰҚК-ге берілді. Енді ҰҚК бұл сала бойынша жетекшілік ететін өкілетті орган болып отыр.