Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанның солтүстігіндегі оңтүстіктің жастары. Сарапшылардың пікірінше, шығындардың тиімділігі күмән тудырады

210
Сурет www.kspi.kz сайтынан алынды

Әлемдік экономика және саясат институтының маманы Айман Жүсіпова «Серпiн» бағдарламасының дұрыс нәтиже бермеуінің себебін талдап, шешу жолдарын ұсынды.

Бір қарын май

«Серпін-2050» жобасы 2014 жылдан бастап іске қосылды. Ол бос жұмыс орындары аз оңтүстік аймақтардың жастарын қолдауға бағытталған. Бағдарламаға сәйкес оңтүстіктің жастары мемлекет есебінен солтүстік өңірлерде білім алып, ары қарай сол жаққа жұмысқа орналасқан. Яғни, жұмыс кадрлары тапшы жерлерге жіберілген. Бір атап айта кетерлігі бағдарлама қатысушылары бекітілген үш бағыттың біреуі бойынша оқуы керек. Олар: білім беру саласы, техникалық мамандықтар, ауылшаруашылығы.

Бағдарламаға қатысу үшін абитуриенттер ҰБТ тапсырып, кем дегенде 50 балл жинауы керек. Мемлекет студенттерді үш уақыт тамақпен қамтамасыз етіп, жылы киім алуға және жол шығынына қаражат (жылына екі рет) береді.

Жыл сайын «Серпін» гранты бойынша оқуға түскен әр студентке бюджеттен 352 мың теңге бөлінеді

2004 жылдан бастап бағдарлама бойынша 22 805 грант бөлінді. Соның ішінде 18 095 грант жоғары оқу орындарында, 4 710  грант техникалық және кәсіби білім алу үшін берілді.

«Серпін – 2050» жобасы бойынша бөлінген гранттың саны

Оқу жылы

Грант саны

Оның ішінде

ЖОО

Колледждерде

2014-2015

2 050

1 050

1 000

2015-2016

6 200

5 000

1 200

2016-2017

4 212

3 162

1 050

2017-2018

4 513

3 793

720

2018-2019

5 830

5090

740

Барлығы:

22 805

18 095

4710

 

Бүгінгі таңда бағдарлама аясында 26 жоғары оқу орнында 14 104 адам білім алуда, олардың 4 271 оқуын аяқтады. 34 колледжде 978 адам арнайы білім алуда, бүгінгі күнге дейін 647 адам оқу бітірген.  Осы бағдарламаға қатысатын білім беру мекемелерінің саны жыл сайын артуда.

Жоғары оқу орындары мен колледждерге қабылдау бойынша жоспары толық көлемде жүзе асырылмай отырғанын атап өтуіміз керек. Бірінші кезекте бұл мәселе жоғарғы оқу орындарына қатысты.

БҒМ мәліметтері бойынша 2019 жылы мемлекеттен бөлінген 5 090 грантқа бар жоғы 2 448 (48%) адам ғана тапсырған. Ал колледждер жоспарланған 740 адамның орнына 552 (74,6%) студент қабылданған.

2018 жылы ЖОО-ға тапсырған абитуриенттер саны төмен болса, колледжер жоспарды 100% орындаған.

Бағдарламаға жастардың аса қызығушылық танытпауы қатысу талаптарының өзгеруіне байланысты болса керек

Өткен жылдан бері білім алған аймақта міндетті түрде үш жыл бойы жұмыс істеу керек деген талап қойылды.

Бір құмалақ

Бітірушілерді жұмысқа орналастыру пайызының төмендігі  «Серпін» бағдарламасының тиімсіздігінің бір көрсеткіші болып табылады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы студенттердің 50%-дан астамы ғана жұмысқа орналастырылған.

Әзірше 2019 жылдың түлектері туралы мәлімет жоқ.  Дегенмен де өткен жылдың көрсеткіштері де төмен деңгейді сақтап қалды деп болжауға болады. Бұлай айтуымыздың бір себебі, 2020 жылы БҒМ «Серпін» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткішін арттыру шараларын қолға алмақ.

Тағы бір факті: Оңтүстіктің жастары жұмыс іздеп және оқуға түсу үшін әлі де болса Алматы мен Нұр-Сұлтанға көшіп келгенді жөн көреді, яғни

ішкі мигранттардың тартылу орталығы өзгерген жоқ

Бұдан екі қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, грант саны мен оңтүстіктің студенттерін қабылдайтын оқу орындарының саны артып, жобаның ауқымы кеңейіп жатыр. Екіншіден, жастарды жұмыс күші аз аумақтарға жұмысқа орналастырып, орнықтыру мәселесі әлі де шешімін таппай отыр.

Мәселенің мәні неде?

Бағдарламаның тиімділігінің  төмен болуының бірден-бір себебі білім беру саласындағы жүйелік проблемаларға байланысты. Мұның барлығы жас мамандарды дайындау сапасына ықпал етеді. Бұл әсіресе «Серпiн» бағдарламасында маңызды рөл атқаратын колледждерге байланысты.

Негізгі проблемалар:

  • оқу процессін кадрлық қамтамсыз ету,
  • тәлімгер оқытушылар ағынының болмауы,
  • оқу процесін заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі,
  • дуальды білім беруге қатысты проблемалар,
  • білім беру мекемелерінің бизнес және өндіріспен байланысының төмендігі.

Сондай-ақ жоба аясында ескерілмеген мәселелер де бар.

Тұрғын үй мәселесі

«Серпiн» студенттері Мемлекеттік қолдауға құқығы бар қоныс аударушылар қатарына енбейді. Яғни ең болмағанда оқу бітіргеннен кейінгі бастапқы уақытта оларды тұрғын үймен қамтасыз ету керек.

Бүгіні таңда көптеген студенттердің білім алғаннан кейін  өзінің аймағына қайтып кетуінің бірден бір себебі тұрғын үйдің болмауы. Осы проблеманы шешу үшін «Серпiн» бағдарламасын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен біріктіру ұсынылады.

Стратегияның болмауы

Солтүстік аймақтарда жұмысқа орналасу туралы ұсыныстардың көбі жастарды қызықтырмайды. Көбінесе бұл мерзімдік жұмыстар. Бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуы күрделі. Жалпы бұл аймақта кез келген маманның жұмыс табуы қиынырақ.

Бұл білім беру құрылымдарының өндіріспен байланысының нашарлығын көрсетеді

Бұнда аймақтық жұмыс берушілердің жұмыс күшіне деген сұранысын терең талдау керек. Сол арқылы аймақтық экономикаға қажетті мамандарды дайындауға болады. Кәсіби білім берудің аймақтық жүйелерін дамыту стратегиясын жасауға мүмкіндік береді. Кадрлар даярлаудың сандық және сапалық параметрлерін анықтайды.

Яғни, жобаның мақсаттарына жету  үшін жастарды жұмысқа орналастырып, аймақтарға бекіту керек. Мемлекет пен оқу бітірушілердің қызығушылықтарының сәйкес келіп, «Серпiн»  жобасының тартымдылығын арттырудың маңызы зор. Жұмыс туралы ұсыныстардың жастарды қызықтырып, өсу мүмкіндігінің болуын да ескеру керек.

Бейімделу

Студенттердің тұлғалық тұрғыда дамып, толыққанды сол аймаққа бейімделіп кету жағдайы бағдарламада қарастырылмаған. Бұл олардың реципиент-аймақта қалуына, тұрғылықты өмір жағдайына үйренуі септігін тигізеді.

Студенттердің шәкіртақысы 21 000 теңге. Бағдарламаға қатысушылар ата-аналары материалдық қолдау бере алмайтын аз қамтылған отбасынан шыққан жастар екенін ескерсек, бұл ақша ешнәрсеге жетпейді. Студенттердің өзі оңтүстікпен салыстырғанда солтүстікте бірінші қажеттіліктегі тауарлардың құны жоғары екенін айтады.

Бұл тұрғыда әлеуметтік-мәдени бейімделуге кедергі келтіретін келесі факторларды атап айтуға болады. Олар:

  • Табиғи-климаттық жағдайлар,
  • тіл мәселесі,
  • жергілікті менталитетінің ерекшелігі,
  • елдің оңтүстік және солтүстік аймағының еңбек мәдениеті мен оны ұйымдастыруының өзгешеліктері.

Жалпы алғанда миграциялық процестерді реттеуге бағытталған кез келген жобалар табысты болуы үшін бейімделуге көмектесетін шараларды жүзеге асыру керек.

Ал бұл жобада әлеуметтік-мәдени бейімделу шараларына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеген

Нәтижесінде «Серпiн» бағдарламасының тиімділігін арттыру үшін жан-жақты ойластырылған және өзара байланысты шаралар кешенін қабылдау керек. Яғни барлық факторлар ескерілген, жүйелік сипаттағы шаралар туралы ойлану қажет.   Сондай-ақ жобаның жүзеге асырылуын бақылап, талдау қажетті өзгерістерді уақытылы енгізуге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз