Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті

244

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді тәмамдаған. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.

1948 жылы Армиядан оралған соң, “Пионер” журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956–1958 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары. 1958 жылы “Балдырған” журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың Бас редакторы болды.

Алғашқы кітабы – “Қарағанды жырлары” 1952 жылы басылып шықты. Содан бері бірнеше ондаған кітабы, бірнеше дүркін таңдамалылары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты.

Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы.

Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде “Мен – түрік мейманы” (1963), қырғыз тілінде “Жолдар. Ойлар. Жырлар”(1966) жинақтары жарық көрген.

Фото: instagram/sarsenphoto/

1982 жылы “Аспандағы әпке” жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, “Отан” орденімен марапатталған.

© Foto: Википедия

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз