Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанның халық әртісі дүниеден озды

Шәріпова ұлттық классика мен заманауи драматургияда Әуезовтің “Айман-Шолпанында” Айман, “Қарагөзінде” Қарагөз, Мүсіреповтің “Ақын трагедиясында” Ақтоқты, Мұхамеджановтың “Жат елде” драмасында Ева Браун, Тәжібаевтың “Көңілдестерінде” Дәмеш, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-ай!”, “Ой, жігіттер-ай!” комедияларында Нұрсұлу, Жүнісовтің “Ажар мен Ажалында” Ажар, Исабековтің “Әпкесінде” Қамажай, А.Бекбосынның “Соңғы сезімінде” Ана, Буляковтың “Отыз ұлың болғанша…” комедиясында Сәлима рөлдерін сахналады.

Ал әлемдік классика мен заманауи драматургияда Шекспирдің “Отеллосында” Дездемона, “Ричард Ш”-де Королева, Горькийдің “Күннен туғандарында” Елена, Дельмардың “Өкінішті өмірінде” Анита, Зориннің “Варшава әуендерінде” Гелена, Метерлинктің “Соқырларында” Соқыр әйел, тағы да басқа көптеген рөл орындады.


Шәріпова жасаған сан қилы сахналық бейнелердің ішінде ерекше тұлғаланғаны Әуезовтің “Қарагөз” трагедиясындағы Қарагөз бейнесі. Бұл рөл актриса шығармашылығының ең жарқын кезеңі болды, оның талантының лирика-драмалық қырын мейлінше ашты. Трагедиялық актриса ретінде де мүмкіндігі мол екенін танытқан рөлдерінің ішінде ерекшесі Жүнісовтің Ажар мен Ажалындағы Ажар болды.

Шәріпова киноактриса ретінде де танымал. Ол режиссер Шәкен Аймановтың “Дала қызында” Нұржамал, “Біз осында тұрамызында” Дина, режиссер Әбусейітовтің “Өмір жолында” Хадиша, Шәріптің “Заманай мен Аманайында”, Сондай-ақ режиссер Мәмбетовтің “Абай” телефильміне түскен.

Ұлттық өнерге сіңірген ерекше еңбегі үшін Шәріповаға Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР халық әртісі құрметті атақтары берілді. “Құрмет белгісі, “Халықтар достығы” және тәуелсіз Қазақстанның “Отан” ордендерімен, сондай-ақ бірнеше дүркін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз