Шілде айында еліміз біраз қиындықтарға тап болды, бірқатар саяси оқиғалар да орын алды.
ӘЭСИ сарапшысы Жұмабек Сарабеков қазіргі кезде Қазақстан үшін тиімді мемлекеттік басқару мен мықты саяси көшбасшының маңызын түсіндірді.
Пандемия және одан туындаған әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан дамып келе жатқан халықаралық орта күрделеніп, одан да тартысты бола түсуде. Осыған байланысты елдің сыртқы периметріндегі жағдайды талдау маңызды.
Алдымен, 12 шілдеде Оңтүстік Кавказдағы оқиғаның ненден туындағанына тоқталайық. Армения-Әзірбайжан шекарасында қарулы қақтығыс болып, өзара атысқа ұласты. Бұл соңғы жылдардағы екі елдің арасындағы ең үлкен қақтығысқа айналды.
«Төрт күндік соғыс» деп аталатын қазіргі шиеленіс мезгіл-мезгіл атыс болып тұратын Таулы Қарабақтың айналасында емес, шекараның азаматтық учаскесінде болды.
Оқиғалардың мұндай бұрылысы қауіпті, себебі:
Мұның бәрі аймақта мәселенің шешімін табуда алдымен дипломатияға емес, «жұдырыққа» назар аударылатындай көрінеді. Тиісінше, кез-келген келесі текетірес ауқымды соғыстың басталуына себеп болуы мүмкін.
Қазақстанның ақшасы қайда кетіп жатыр: бір айдың ішінде шетелге 92 млрд теңге шығарылыпты
Бұл барлық Каспий маңы елдерінің, соның ішінде Қазақстанның қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Соңғы жылдары ҚР аймақ бойынша көршілерімен бірге Транскаспий транзиттік дәлізін іске қосу үшін үлкен ресурстар салуда, Әзірбайжан онда негізгі көлік буындарының бірі.
Өңірде бағыттардың үздіксіз жұмыс істеуі мен қауіпсіздігінің маңызы зор, ал әскери шиеленіс факторы инвесторларды тартуға кедергі болатыны анық. Сондықтан Нұр-Сұлтан үшін Кавказдағы тұрақтылықтың мәні жоғары.
Оңтүстік Кавказдағы жағдай Ресей үшін стратегиялық маңызды мәселе. Оның өзіндік себептері де бар.
Армения аумағындағы Гюмри қаласында Мәскеудің аймақтағы ең ірі базасы бар. Сонымен қатар Ресей тарапы Баку үшін де, Ереван үшін де ірі қару-жарақ жеткізушілердің бірі.
1 шілдеде Ресей Федерациясында конституциялық түзетулер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру өткені белгілі. Оның нәтижелері бойынша қатысқан ресейліктердің көпшілігі (78%) елдің Негізгі Заңына екі жүзден астам өзгерістер енгізуді қолдады.
Айта кету керек, жалпы алғанда, жаңартылған Конституция аясында ресейлік билік жүйесі айтарлықтай қайта құрылды. Әрине, басты мәселе Путиннің президенттік мерзімдерін «жоюмен» байланысты.
Үшінші тарап бақылаушылары үшін Ресейдегі билік транзиті 2024 жылдан кейінгі мерзімге ауыстырылуы мүмкін дегенді білдіреді. Өйткені, қазіргі мандатынан кейін Путин тағы екі президенттік мерзімге қайта сайлану мүмкіндігіне ие болады.
Тағы бір мәселе Ресей Конституциясына енгізілген бірқатар түзетулердің геосаяси өлшемге ие болуымен байланысты. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциялық соты Ресей заңнамасына қайшы келетін халықаралық ұйымдардың шешімдеріне тосқауыл қоя алады деген ережеге назар аудару керек. Іс жүзінде бұл көптеген құқықтық қақтығыстарды тудыруы мүмкін, бұл Ресейде тұратын ұйымдардың, соның ішінде ЕАЭО мен ҰҚШҰ-ның жұмысын одан әрі қиындатады.
Ресейдің отандастарына қолдау көрсету міндеті туралы жаңа түзетуді ерекше атап өту керек. Ресей Федерациясы Конституциясының 69-бабында Ресей шетелде тұратын өз азаматтарына «олардың құқықтарын жүзеге асыруда, олардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде және бүкілресейлік мәдени бірегейлікті сақтауда» қолдау көрсетеді деген жаңа тармақ пайда болды.
Мүдделерді қорғау және бүкіл ресейлік мәдени бірегейлікті сақтау туралы ережелерді түсіндіру жеке бір елдегі сол уақыттағы геосаяси жағдайға байланысты болатыны анық. Сондықтан
Кремльдің серіктестеріне қатысты риторикасындағы өзгерістерді бақылаудың маңызы зор
Бұл тұрғыда президент Путиннің одақтық республикалар КСРО-дан «ресейлік жер тұріндегі» «орыс халқының сыйлықтарымен» шықпауы керек еді деген сөздері Ресейдің барлық жақын және алыс көршілеріне үлкен резонанс туғызғаны таңқаларлық емес.
Қазіргі уақытта экономика мәселесі Ресейге қатысты ең өзекті мәселелердің бірі. Ресей Федерациясы үшін коронавирус дағдарысының экономикалық салдары өте ауыр болады.
Сонымен, Ресей Федерациясы Орталық банкінің бағалауы бойынша, сәуір-маусым айларында Ресейдің ЖІӨ өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 9,5-10%-ға төмендеді. Сонымен бірге, Дүниежүзілік Банктің шілдедегі болжамдарына сәйкес, 2020 жылы Ресейдің ЖІӨ-нің жалпы төмендеуі минус 6%-ды құрайды және 11 жыл бұрынғы минимумға жетті, сонымен қатар бұл ТМД елдерінің арасындағы ең үлкен құлдырау болуы мүмкін.
Ресей экономикасының құлдырауы біздің жағдайымызды нашарлатуы мүмкін. Біздің экономикаларымыздың жақындығын ескере отырып, проблемалардың бір бөлігі қазақстандық нарыққа көшірілуі мүмкін деген тәуекел бар. Ең алдымен, бұл рубльдің құнсыздануы.
Басқару органдары пандемиямен күресте қойылған міндеттерді орындай алмады — рейтинг
Сондай-ақ, РФ-дағы экономикалық проблемалар ЕАЭО ішіндегі өндірушілердің күресін ушықтыруы мүмкін, өйткені дағдарыс жағдайында әрбір ойыншы импортты қысқарта отырып, экспорт есебінен пайданы барынша арттыруға тырысады.
Жалпы, Қазақстан Үкіметі РФ-дағы экономикалық жағдайдың нашарлау салдарына дайын болуы керек, ал ҚР Ұлттық Банкі бағамдық айырмашылықтан бизнес шығындарын оңтайландыру бойынша шаралар кешенін алдын ала әзірлеуі керек.
Қазақстан үшін сыртқы қауіптің тағы бір көзі – АҚШ пен Қытай арасындағы геосаяси күрес. Шілде айында державалар өзара үсті-үстіне санкциялық соққы жасады. Дональд Трамп Қытайдағы ұйғырлардың құқықтарының бұзылуына байланысты енгізген АҚШ санкцияларына жауап ретінде Бейжің бірқатар американдық шенеуніктерге қарсы айыппұл шараларын жариялады.
Содан кейін 15 Шілдеде Вашингтон Гонконгты ресми түрде арнайы мәртебеден айырды, бұл әкімшілік аймақ бұдан былай материктік Қытайдың автономиясы дәрежесін сақтамайды. Айта кетейік, ерекше мәртебе Гонконгқа АҚШ-пен Еркін сауда жасауға және американдық технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Ең бастысы, Гонконг өзінің арнайы мәртебесі аясында әлемдегі ең ірі қаржы астаналарының бірі және Нью-Йорк пен Лондоннан кейінгі үшінші долларлық нарық бола алды.
Енді
Гонконг бұл артықшылығынан айырылды және аймақтан капиталдар мен ірі инвесторлардың кетуі мүмкін деген қауіп бар
Іс жүзінде Вашингтон Бейжіңге қаржы ағынын тоқтатуды көздеп отыр. Сонымен қатар, бұны Гонконгта жұмыс істейтін 1300-ден астам американдық компанияларға елге оралыңдар деген белгі ретінде түсінуге болады.
Жоғарыда көрсетілген үрдістер Қазақстанның сыртқы ортасы барған сайын агрессивті сипат алып келе жатқанын көрсетеді. Мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктер әлдеқайда өткір бола бастады.
Карантиндік шындықтың тағы бір айқындаушы ерекшелігі экономикалық протекционизмнің өсуі болады. Сыртқы нарықтарда инвестициялық капитал мен технологиялардың қолжетімділігі де төмендейтіні анық.
Жаңа шындық мемлекеттік басқару сапасына қойылатын талаптарды күрт арттырады.
Бұл жағдайда
тиімді мемлекеттік басқару және күшті саяси көшбасшылық Қазақстан үшін өте маңызды мәнге ие