Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Басқару органдары пандемиямен күресте қойылған міндеттерді орындай алмады — рейтинг

243

2020 жылдың екінші тоқсанындағы рейтингті құрастыру барысында еліміздің барлық өңірінен келген 26 сарапшыға сауалнама жүргізілді. Басқарушылардың жұмысы үш критерий бойынша бағаланады:

  • тұлға ретінде беделі;
  • менеджер ретінде тиімділігі;
  • саясаткер ретіндегі болашағы.

Бағалау 1-ден 7 баллға дейінгі шкала бойынша жүргізілді, мұнда 1-сипаттаманың ең төменгі көрсеткіші, ал 7-ең жоғарғы көрсеткіші.

Бірақ бес ұпайдан жоғары бағаны бір ғана адам — Қасым-Жомарт Тоқаев алды.

Әлі де беделі бар

— Карантин жағдайында мемлекеттік органдардың әрбір шешімі мен іс-әрекетіне қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлінді

«мақсатты аудиторияның мүддесі үшін жұмыс істеуге бейімделмеген  икемсіз жүйе»,

мемлекеттік органдардың медициналық-эпидемиологиялық және коммуникациялық саясатын сәтсіздікке әкелген «халыққа қажетті және барабар ақпаратты жеткізетін ақпараттық арналардың» болмауы секілді проблемалар күрт көтерілді, — дейді әлеуметтанушылар.

Сарапшылардың пікірінше, дағдарыс кезінде  саяси қайраткерлердің көбінің әрекеттері мен шешімдерін тиімді деп санауға келмейді.

Сондықтан да жалпы бағалау өте төмен болды. Дегенмен олардың біразы (26 адам) бірінші тоқсанмен салыстырғанда жоғарырақ баға алды. 24-інің жалпы бағасы төмендеді, ал Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев өткен сауалнамада да  дәл сондай нәтиже (3,71 балл) алды.

Сондай-ақ, осы тоқсанда екі «жаңа тұлға»  – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пайда болды.

Саясаткерді бағалауда беделі әлі де маңызды рөл атқаратыны анықталды.

52 жағдайдың 25-інде сарапшылар оның тиімділігі мен болшағына қарағанда беделін жоғарырақ бағалады

Қасым-Жомарт Тоқаев (5,48 балл — 1 орын) және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов (5,04 балл — 2 орын) көшбасшылықты өзара бөлісті.

Бастығы төмен түсті, орынбасарлары бір сатыға көтерілді

Премьер Асқар Маминнің бағасы бірден алты позицияға төмендеді — 9-орын (3,93 балл). Кейбір сарапшылар «Маминнің ведомствоаралық үйлестіруді жолға қою қабілеті төмен» және ол «үкімет басшысының рөлінен өзінен-өзі алыстап кетті» деп атап өтті.

Есесіне

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші орынға шықты (4,36 балл)

Бұған спикердің министрліктердің саясатын үнемі сынағаны септігін тигізді.

«Атамекен» ҰКП Төрағасы Тимур Құлыбаев (4 орын — 4,23 балл) және президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев те (5 орын — 4,04 балл) позицияларын жақсартты.

Бағаларының төмендегеніне қарамастан, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов тоғызыншы орыннан алтыншы орынға (4,01 балл) көтерілді.

Бас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлер Алик Шпекбаев және ПӘ басшысы Ерлан Қошанов позицияларын сақтап қалды (тиісінше 3,97 және 3,88 балл).

Барлығы 28 басқарушы позицияны жақсартты. Олардың ішінде ПӘ басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев (3,53 балл) және премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр (3,45 балл) ерекше көзге түседі. Олар 10-11 ұпайға көтеріле алды және рейтингіде тиісінше 21 және 24 орындарды иеленді.

— Сарапшылардың пікірінше, Абаевты жаңа лауазымға тағайындау көпшілік үшін күтпеген әрекет болды. Оның перспективасының артқаны деп бағалау керек, — дейді әлеуметтанушылар.

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова 38-ден 30-орынға көтерілді (3,28 балл).

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов (3,55 балл — 22 орын) және екінші орынбасары Ералы Тоғжанов (3,21 балл-34 орын) жақсы нәтиже көрсетті.

— Нәтижесінде  тікелей бастығының жұмысының сәтсіздікке ұшырауына қарамастан, олардың орынбасарының көрсеткіштерінің жақсарғанын байқаймыз, — дейді әлеуметтанушылар

Денсаулық сақтау саласының құлдырағанының белгісі

Қазіргі рейтингтің тағы бір ерекшелігі

«жаңа қадам басқан» саясаткерлер сәлде болса бағаларын жақсартты, ал «ауыр салмақтылардың» бірқатары сарапшылардың көңілін қалдырды

сондықтан олар ұпайларының айтарлықтай бөлігін жоғалтты.

Бірінші кезекте  денсаулық сақтаудың экс-министрі Елжан Біртановты атауға болады. Оны тіпті «денсаулық сақтау жүйесінің біржола құлдырауының символы» деп атады. Біртанов рейтинг тарихында «антирекорд» орнатып, бірден 26 позицияға (-1,16 балл) түсті.

— Дегенмен, сарапшылар Біртанов туралы біржақты  теріс пікір білдірмейді. Олардың көпшілігі экс-министр

«денсаулық сақтаудың барлық саласын сәтсіздікке ұшыратты, дәрі-дәрмектермен іркіліс болды, пандемияға қарсы тұруға дайын болмады»,

деген пікір білдірді, бірақ оны «проблеманың ауқымын және басқарылатын жүйенің қуатын түсінетін тиімді және жауапты менеджер ретінде осы дағдарыста өзін көрсеткен министрлердің бірі» деп атағандар да табылды», — деп атап өтті әлеуметтанушылар.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев (3,36 балл) және Нұр-Сұлтан әкімі Көлгінов те (2,83 балл) осындай жағдайға тап болды. Олар тиісінше 11 және 15 позицияға төмен түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз