Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қазақстанның бірқатар өңірінде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Ал Алматыда Қарағанды облысы ІІД жедел уәкілдері қарақшылық шабуыл жасаған қарағандылықты ұстады. Күдікті осы жылдың сәуірінде айырбастау пунктіне баса-көктеп кіріп, шетелдік валютада сақталған 6 миллион теңгені алып кеткен.

Тағы бір қылмыскер Шымкент қаласында қолға түсті. Ол қаладағы ЖШС-нің бірінің менеджерінен 15 миллион теңгені тартып алмақ болып, көмекке ұмтылған жұмысшыны пышақпен жаралаған жергілікті тұрғын екен.

Сондай-ақ, Садубаев ІІМ құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

“Мәселен, кеше Оралда облыстық ІІД ӨҚБ қызметкерлері қаланың ішкі істер басқармасының екі лауазымдық тұлғасын ұстады. Олар күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, 240 мың теңге ақша алған. Аталған қылмыстық істі тергеу тәжірибесі мол тергеушіге тапсырылды”, — деді ол брифингте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз