Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Қазақстанның атом энергетикасының болашағы қандай?

3619
Дереккөзі: mkala.org

Атом энергетикасы — ең тиімді технологиялардың бірі. Электр энергиясына сұраныс артып келеді және атом энергетикасын енгізу оны қанағаттандыруға, сонымен қатар

осы саланы дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді, жаңа заманауи технологиялардың пайда болуына ықпал етеді

Отын-энергетикалық кешен, негізінен, экономикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың маңызды факторларының бірі. Бірақ оны одан әрі дамыту үшін технологиялық серпіліс қажет. Атом энергетикасы — бұл серпілістің құрамдас бөліктерінің бірі.

Мәселен, атом өнеркәсібіне Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (2020 жылғы редакция) ерекше көңіл бөлінген.

Қазір біз уран қорының көлемі бойынша әлемде екінші орында тұрмыз (14%). Оның шамамен 70%-ына экологиялық қауіпсіз өндіру әдісін қолдануға болады.

Еліміз 2009 жылдан бастап біз өндірілетін уран көлемі бойынша бірінші орында

2019 жылы — 22,8 мың тонна. Салыстыратын болсақ, 1997 жылы 796 тонна өндірілген.

2016 жылдан бастап көлемдер біршама азайды және табиғи уран нарығында қолайсыз конъюнктура жалғасса, үрдіс сақталуы мүмкін.

Ресурстық база қалыптасты

Біз қазір уранды өндірумен  ғана шектелмейміз. Мысалы, 2019 жылы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 86,1 тонна отын таблеткаларын өндірді.

Тұжырымдамаға сәйкес, атом өнеркәсібіндегі басым бағыт өз ресурстық базасын барынша пайдаланып, ядролық отын жасаудың толық циклын құру болуы тиіс.  Циклдің дамуы:

  • уранды конверсиялау жөніндегі қуаттарды құру;
  • Қазақстан аумағынан тыс бірлескен кәсіпорын шеңберінде уранды байытуды дамыту;
  • байытылған ураннан ұнтақ пен отын таблеткаларын жеткізуді ұлғайту;
  • отын жинақтарын өндіруді оқшаулау;
  • атом генерациясының дамуы.

Цикл қосылған құны жоғары өнімді дайындауға, ал ол өз кезегінде экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жұмысқа қажетті ресурстық база мен технологиялық негіз бар. Алайда проблемаларды да жоққа шығара алмаймыз. Олардың негізгілері мыналар:

  • уран бағасының құбылмалылығы;
  • атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді жеткілікті деңгейде қаржыландырмау;
  • атом саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
  • халықтың «радиофобиясы» және атом энергетикасына сенімсіздік.

2018 жылы АЭС құрлысы үшін Алматы облысында орын анықталды. Бірақ кейінірек ол «ұзақ мерзімді перспективаға» және әйгілі «радиофобияға» байланысты кейінге қалдырылды. Бірақ қазір олар қайтадан осы тақырыпқа оралды. Аталған Тұжырымдамада АЭС құрылысы туралы бірнеше рет айтылған.

АЭС бойынша әлемдік тәжірибе

Теріс көзқарастағы отандастарымызды үнемі райынан қайтаруға тырысады. Атап айтқанда, әлемдік тәжірибеге сілтеме жасайды, өйткені қазір атом энергетикасы барлық жерде дамуда.

МАГАТЭ деректері бойынша

2020 жылғы мамырда 30 елде жалпы қуаты 390 ГВт 441 ядролық энергия блогы пайдаланылды

19 елде белгіленген қуаты 57 ГВт (эл.) 54 реактор салынуда. Электр энергиясын жалпы өндірудегі АЭС үлесі — шамамен 10,5%.

Тек коммерциялық реакторлар (ғылыми-зерттеу, кеме және эксперименттік реакторларды есептемегенде) 18470 жылға жуық апатсыз жұмыс істеп келген.

Фукусимадан кейін барлық атом блоктарын тоқтатқан Жапония

қауіпсіздік жүйелерін жаңғырта отырып, оларды қайта іске қосты

2019 жылдың қорытындысы бойынша Жапонияның энергия теңгеріміндегі АЭС үлесі барлық өндірілген электр энергиясының 7,5%-на дейін өскен.

Беларусь, Түркия, Өзбекстан АЭС салу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұрын бас тартқан Литва мен Польша тағы да атом бағдарламаларына қызығушылық танытты.

Жаңа атом қуаттарының құрылысы АҚШ-та (2 блок), Қытайда (11 блок), Оңтүстік Кореяда (4 блок), БАӘ-де (4 блок), Үндістанда (7 Блок), Ресейде (4 блок), Ұлыбританияда (2 блок) және бірқатар басқа мемлекеттерде жүріп жатыр.

— АЭС пайдалану кезінде

қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайтып, экологиялық жүктемені төмендету маңызды фактор болып табылады

Атом энергетикасы көмір және мұнаймен салыстырғанда экологиялық таза. Атом электр станциясы қоршаған ортаны ластамайды: атмосфераға зиянды заттарды тастамайды және су ортасын ластамайды, — дейді тұжырымдама авторлары.

Қандай нәтижелерді күтуге болады

Бұдан басқа, атом энергетикасын енгізу өңірдің және жалпы елдің экономикасын дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жоғары технологиялық саладағы бір жұмыс орны, ілеспе салаларда 10-ға дейін жұмыс орны пайда болады.

Бұл ретте АЭС салу туралы шешім тұрақты Ұлттық инфрақұрылым құруды талап етеді,

оның құрамына нормативтік-құқықтық және өнеркәсіптік қамтамасыз ету, сонымен қатар ядролық энергетиканың бүкіл өмірлік циклін ғылыми-технологиялық және кадрлық қолдау кіреді.

Атом саласын дамытудың негізгі мақсаты ядролық отын жасаудың толық циклі болды. Бұл үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар құрып қана қоймай, ғылыми-зерттеу орталықтарын құру қажет. Сондай-ақ, қазір жетіспейтін кадрларды даярлау керек.

2030 жылға дейін уран өндіру бойынша жетекші позициялар сақталады. Сондай-ақ ядролық отын өндірісін қайта бөлуді дамыту жөніндегі негізгі жобалар бағаланады.

Бұл ретте:

  • әлемдік нарыққа кешенді өнім түрінде ядролық отын жеткізу қамтамасыз етіледі;
  • АЭС құрылысы аяқталады;
  • атом саласын дамытуды қолдау үшін ғылымға қажет өндірістер мен ғылыми-зерттеу орталықтары құрылады
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз