Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

Қазақстаннан тұңғыш рет греплингтен әлем чемпионы шықты

167

Әлем біріншілігі Әзірбайжан астанасы Баку қаласында қазанның 18-21 аралығында өтті. Динараның айтуынша, ол осыған дейін джиу-джитсудан өткен әлем чемпионаттарында екі рет жеңімпаз атанған.

“Қазақстаннан Бакуге әртүрлі салмақта және әртүрлі жастағы шамамен 60 адам бардық. Менің әр елден жиналған қарсыластарым көп болды, бірақ мен оларды еш қиындықсыз жеңдім. Мен секілді тағы бір қазақстандық қыз “алтын” медаль жеңіп алды, алайда оның бірде-бір қарсыласы болмағандықтан, ол автоматты түрде бас жүлдені алды”, – дейді жас спортшы.

Динараның айтуынша, ол мектеп табалдырығын аттаған бастап спортпен шұғылданып келеді екен. Ата-анасы өзін-өзі қорғай білуі үшін спорттық секцияларға берген. Динара отбасында ең кішісі, оның әпкесі мен ағасы бар. Ағасы да спортшы. Динара Fight club: Mascarenas team клубының мүшесі. Оның бапкері – бразилиялық Иран Маскаренас.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз