Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысты: 17 адам қаза тапты

БАҚ-тың мәліметінше, автобус Қазақстаннан барған.

“Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін, 6 қазанда сағат 03:29-да Владимир облысында “Покров” теміржол станциясында жолаушылар автобусы теміржол бағдаршамының рұқсат етілмеген белгісіне жүріп кетіп, салдарынан пойызбен соқтығысқан. Автобус салонында болған оннан аса адам қаза тапқан”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Ал Mash паблигінің мәліметінше, автобуста Қазақстан азаматтары болған делінеді.

ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов өз кезегінде ведомствоның оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз