Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанға Украинадағыдай ұлттық сәйкестік қажет — саясаттанушы

Вестфаль нормалары

— Біздің орталықазиялық елдер, оның ішінде Қазақстан әлсіз, қоғамы әлсіз деген тұжырымды айтып отырмын.

Түсіндірейін: әлсіздердің зорлыққа монополиясы жоқ, олардың мемлекеттік бөліністегі ортақ тұжырымдамасы жоқ, ал қазіргі әлеуметтік институттар әлсіз әрі пайдасы аз.

Әдетте әлсіз қоғам бір мемлекеттік идеяға шоғырланбайды және меминституттар қабылдайтын шешімдерге әсер ете алмайды

Сәйкесінше, әлсіз қоғамы бар әлсіз мемлекет болсақ, ол тұрақсыз деп айтуымызға болады. Мұнда не өзара қақтығысамыз, не оларға біреу шабуылдауы керек, не ішкі бір тұрақсыздығы болуы керек.

Бұл мәселеге қызығушылық әуелден туындаған, 80-жылдары елдеріміз тәуелсіз болғалы осылай. Сол уақытта африкалық мемлекеттер құрылғаннан кейін африкалық жағдай талданған.

Еуропалық ғалымдардың талдау қорытындысы мынаны көрсетіп берді: олардың ішкі тұрақсыздығы бұл елдердің бұрынғы метрополиялар қызығушылығының ортасында қалып қойғандығымен түсіндіріледі.

Яғни метрополиялар африкалық елдерден кетіп, оларды қайтадан бақылауына алғысы келмейді. Ал африкалық елдердің өзін және олардың көршілерін халықаралық қатынастардың вестфаль нормалары аталып кеткен нәрсе бөледі.

Бұл нормалар бойынша, көрші елдердің ішкі ісіне араласпауды және олардың шекарасын мойындауды білдіреді. Яғни біздегі, Орталық Азиядағы жағдайға ұқсас

90-жылдары және 2000-жылдардың басында барлық риторикамызда біздің елдеріміз халықаралық қатынастар ортасында әрі мұнда қандай да бір бақылау орнату ешкімге де қызық емес деп сөйлейтінбіз.

Жағымсыз өзгерістер

— ОА елдері тәуелсіз болу кезеңінде вестфаль нормаларын мойындайтынын нақтылап тұрып мәлімдеген.

Енді біз қазір өңірлерде болып жатқан қақтығыстар тек ұлттық сипатқа ие екенін байқап отырмыз — Тәжікстандағы азаматтық соғысты немесе 2010 жылы Қырғызстандағы оқиғаларды айтсақ та болады. Мұның бәрі ұлттық шекара аумағынан шықпады

Яғни барлық «көрші» вестфаль ұстанымдары тұрақты екенін мойындады. Ал ішкі тұрақсыздыққа келсе, бұл мәселе әрдайым өзекті. Мұнда қазірге дейін қызу дебаттар болып жүр. Мысалы, менің ғылыми қызығушылығым — неге біздің елдер Қазақстанда қаңтарда болғандай апаттармен тым сирек кездеседі деген сұрақтың айналасы, — дейді ол.

Алайда, Бурнашевтің пайымынша,

2014 жылы вестфаль ұстанымдарының тұрақтылығы мәселесіне қатысты жағдай күрт өзгерді. Ресей Қырымды қосып алып, Донбасстағы қақтығысқа араластырды. Вестфаль нормаларына сүйенген ұстаным «сөгілді».

— Осы уақыттан кейін Ресей тарапы Қазақстанға қатысты Солтүстік Қазақстан территориясы кімге тиесілі деген мәселе орағытыла бастады. Алайда біз 2000-жылдары бұл мәселені шешіп, сепаратистік көңіл-күйдегі адамдар көтерген мәселе деп анықтағанбыз.

Ақыр соңында вестфаль нормалары тұрақты емес екеніне көз жеткіздік.

Сәйкестік мәселесі

— Оның үстіне, бұл ОА елдері арасындағы қақтығыстарда байқала бастады.

Мысалы, қырғыз-тәжік қақтығысын алып қарайық. Біз бұған екі жылдан бері куә болып келеміз. Бұл қақтығыстар вестфаль нормаларында стандарт ретінде қалыптасқанның аясынан оп-оңай шығып кетіп жатыр

Оның үстіне, бізде соғыстар классикалық сипатта ғана болмайтынын түсіне бастадық. 80-жылдары, африкалық елдердің жағдайы талданғанда сәйкестік соғысына қатысты «жаңа соғыстар» туралы түсінігіміз болмады. Орталық Азиядағы жағдайды қарастырсақ, бұл мәселемен бетпе-бет келеміз.

— Сәйкестік соғыстары украин қақтығысын түсінуге болатын призмалардың бірі. Мысалы, Бучадағы оқиғаларды алайық, бұл оқиғалардан кейін украин тарапы украиндар бейбіт тұрғындарды өлтіруге қатысы жоқ деп мәлімдеді, өйткені онда «өз адамдары» деп мәлімдеді.

Классикалық нұсқада бұл солай. Бірақ соғыс тұрғысынан екі ұқсастық тұрғысынан «өз» және «бөтен» ұғымдары қазірдің өзінде жойылып, бейбітшілікке деген сүйіспеншілігін жоғалтады.

Сондықтан орталықазиялық елдердің ішкі қауіпсіздігін айтқанда біз идентификациялық модельдер түсінігін трансформациялауымыз керек

— Біз әлсіз қоғаммен және оның ішіндегі сәйкестік модель болмаса да 30 жыл өмір сүре алдық. Бұл уақытта этникалық, субэтникалық желілер, тұрғылықты жері бойынша қоғам бөліне бастады. Енді сәйкестік консолидация аспекті маңызды бола түсті.

Украина мысалы

— Украинадағы қазіргі соғыс қоғамдағы консолидация жетер шыңына жетсе (ал Украинада кейінгі сегіз жылда қоғам бұған қол жеткізді), ел сыртқы агрессияға және ішкі проблемаларға тиімді қарсы тұра алады. Ал егер қол жеткізбесе, қауіптерге қарсы тұру оңайға соқпайды.

2014 жылы Украинада не болғанын көрдік, әскері шегінді, 2022 жылы не болып жатқанын да көріп отырмыз, ел өз егемендігін тиімді қорғап жатыр,

— деп атап өтті Бурнашев.

Алайда, саясаттанушының пайымынша, Орталық Азия елдерінің Украинадағы соғысқа тақысты ұстанымы шамамен бірдей.

— Кейбір ньюанстар мен формулировкасында айырмашылық бар. Бірақ бұл ұстанымдар 2014 жылы қалыптасып қойған, содан бері қатты өзгере қойған жоқ — Қырымды аннексиялауды қолдаған жоқ.

Ақпарат алаңында біздің елдердің ұстанымы деп айтылып жүрген акценттердің идеологиялық сипаты бар және ақпараттық соғыстың бөлігі.

Бірақ Қазақстан да, ОА-ның басқа елдері де вестфаль нормаларын ұстануын жалғастырып келеді.

Қайсыбір елдің де территориялық тұтастығын сақтауды қолдау, ішкі істеріне араласпау және БҰҰ-да мойындалмаған территория өзгерісіне араласпау, бұл біздің қауіпсіздігіміз бен территориялық тұстастығымыздың кепілі,

— дейді Рустам Бурнашев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз