Әзірбайжан банктері мен несиелік ұйымдары 25 желтоқсанда AZAL әуе компаниясының ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың несиелерін кешіру жайлы шешім қабылдады. Мұны банктер қауымдастығы (ABA) мен Әзірбайжан микроқаржыландыру қауымдастығының (AMFA) бірлескен мәлімдемесінде айтылған.
Ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың отбасыларына деген жанашырлықтан осындай шешім қабылдаған. Енді марқұмдардың несиелерін банк пен несие ұйымдары өз есебінен жаппақ.
«Баку-Грозный рейсінің экипаж мүшелері мен жолаушыларының қайғылы қазасы бүкіл елді, оның ішінде Әзербайжанның банк қауымдастығына да ауыр тиді. Әзербайжан орталық банкінің ұсынысы бойынша ABA және AMFA қаза тапқандардың несиелерін есептен шығарады. Қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектеспіз», – делінген хабарламада.