Астанада жол апаты тіркеліп, бір адам оқиға орнында жан тапсырды. Әуелі жол-көлік оқиғасының фото және видеокадрлары whatsapp желісіне тараған. Онда апаттан көз жұмған әйелдің денесі көрінеді.
Жедел жәрдем қызметінің мамандары быт-шыт болған көліктен екінші адамды шығара алмай жатыр. Астана қаласының полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев жақтан Сарайшыққа апарар жолдағы М-1 көпірінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, көпірдің қоршауына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы жан тапсырды», – делінген хабарламада.