Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
525
+1.07
EUR
553
+2.48
RUB
5.14
+0.13

Қазақстанға санкция салына ма? Біз ОПЕК келісімін бұзған елдердің тізіміне ендік

218
Сурет: REUTERS/Leonhard Foeger

ОПЕК+ келісімініне қатысушы елдердің көптен күткен кездесуінен бірер күн бұрын өндіріс көлемін қысқарту бойынша 20 елдің 9-ы өз міндеттемелерін орындамағаны белгілі болды.

Соның ішінде Қазақстан да мұнай өндірісін күніне 390 мың баррелге қысқартуы керек еді. Алайда, кейбір мәліметтерге сүйенсек, нақты көлемі бұдан екі есе аз.

Бірақ Қазақстан ең өрескел бұзушы емес еді. Мысалы, Ирак тәулігіне тиісті көлемнен 600 мың баррельге тартық өндірген. Конго мен Бруней мүлдем өндірісті қысқартпаған. Ал Судан мен Габон тіпті өндірісті арттырған. Бұл қосымша келіссөз жүргізуді қажет етті, нәтижесінде ОПЕК+ кездесуі 4 маусымнан 6 маусымға ауыстырылды.

Тасымалдау нарыққа әсер етпеді. Трейдерлер  тараптар уақытша тоқтату туралы уағдаласатынына сенімді болды. Мұнай бағасының өсуі де осыны аңғартады. Мамыр айының соңынан бастап Еуропада әртүрлі мұнай сорттарының құны 19-20% – ға өсіп, 6 наурыздан бастап ең жоғары мәнге жетті. Кездесу қарсаңында маусым айында жеткізу қызметімен бірге есептегенде  Brent құны барреліне 42,5 долларға жетті.

Келісімді бұзғандар жазаланады

6 маусымда күннің екінші жартысында ОПЕК+ мәмілесінің ар қарай ұзартылатыны белгілі болды. Келісімшартқа қатысушылар өндіруді шектеу туралы келісімді тағы бір айға ұзартты. Бұл Сауд Арабиясы мен Ресейдің ұсыныстарынан шыққан ымыралы нұсқа. Өйткені нақ осы елдерді сарапшылар мәміленің басты бенефициарлары деп санайды.

Қабылданған келісімде квоталарды орындамау мәселелері бөлек айтылады. Жобада көрсетілгендей, өндіруді қысқарту туралы шешім келесі жағдайда күшінде болады:

ОПЕК+ – тің басқа қатысушылары жеткізуді арттыру мүмкіндігіне ие болғанда, «тәртіп бұзушыларға» өндіруді бұрынғы деңгейде ұстауға тура келеді

Қазақстанның Энергетика министрлігі келісімшартқа қатысушы елдердің шешіміне түсініктеме берді. Ведомство хабарламасында «Қазақстан ОПЕК+ келісімін өндірудің бұрынғы деңгейінде бір айға ұзартуды қолдады» делінген.

«Ноғаев атап өткендей, ағымдағы келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер етті. Қоймалардың мұнайға толып кетуінің алдын алды, бұл өз кезегінде әлемдік мұнай бағасының тұрақты өсу қарқынына алып келді», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бір ел шығып кетті

Елдердің барлығы бірдей санкция енгізу қоқан-лоққысына көніп, қабылдай алған жоқ. Мәселен, Мексика ары қарай келісімге қатысудан бас тартты.  Бастапқыда оған тәулігіне нарыққа 400 мың баррелге кем шығару туралы талап қойды. Нәтижесінде квотаны 4 есеге қысқартты. Үкімет ел бұрынғы деңгейіне қайта оралады деп мәлімдеді.

«Басқа елдер шілде айында өндіріс көлемін қысқартуға келісті, бірақ біз одан бас таттық», —деп мәлімдеді елдің энергетика министрі Росио Нале.

Дегенмен Мексиканың демаршын күтпеген жағдай деп айтуға болмайды. Ел әдемдік дағдарыстан өту үшін мұнай саласын қысқартуды қаламайтынын айтқан еді.

Саудиттер бағаның көтерілетініне сенеді

Сарапшылардың ОПЕК+ шешіміне нарықтың  қалай жауап қатаныны туралы пікірлері қарама-қайшы. Біреулер нені күтуге болатынын қазіргі бағадан білуге болады дейді.  Өткен аптада бағаның өсуінен де осыны байқаумыз. Нарық қатысушылары келісімшарттың жалғасын  табатынына сенімді болды. Басқалары мұнай баяу өсе береді деп есептейді, өйткені нарықта шикізат көлемі бірден көбейіп кетпейді.

Bloomberg мәліметтері бойынша, екінші нұсқа да болуы мүмкін. Сауд Арабиясы министрлерінің отырысынан кейін шілде айында жеткізу бағасын көтеру туралы шешім қабылдады.

Азиялық нарықта орташа есеппен барреліне 5,6 — 7,3 долларға қымбаттады. Сауд Арабиясында өндірілетін жеңіл мұнай бағасы барреліне 6,1 долларға көтеріледі. Агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, сарапшылар 0,8-ден 1,9 долларға дейін жеңілдік болған жағдайда баға шамамен 4 долларға дейін қымбаттайды деп күткен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз