Әлеуметтік желі қолданушылары актердің шапан кигендегі түріне таңданып, ол қымызды көп ішіп қойған деген жорамал жасады.
Әлеуметтік желі қолданушылары Астанада «Еуразия» кинофестиваліне қатысып, қазақтың ұлттық шапаны мен тері тымақ киіп суретке түскен Голливуд актері Николас Кейджді әжуа етіп жатыр. Кейдж бен Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның бірге түскен суреті мемге айналып, фотожабтар пайда болды.
Николас Кейдждің бұл суреті жария болғаннан кейін қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары да қазақы шапан мен қалпақ киген суреттерін жариялай бастаған болатын.
Николас Кейдж — америкалық актер, продюсер және режиссер, «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарының лауреаты.
Дереккөз: baq.kz