Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанға да санкция салына ма?

“Қазақстан ұйымдасу еркіндігі құқығын бұзу арқылы халықаралық аренадағы преференцияларынан айрылып қалатын болды. Біздің ұйымның әлемнің 160 елінде 183 миллион мүшесі бар”, — деді Яап Виенен.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі алдағы бірнеше аптада райынан қайтпаса, олар ауқымды науқан бастауға мәжбүр болады. Яап Виененнің пікірінше, бұл елдің әлем алдындағы беделін түсіріп қана қоймай, қаржы қиыншылықтары да болады.

Нұрбек Құшақбаев пен Әмин Елеусінов биыл қаңтар айында Ақтаудан Астанаға жеткізілді. Оларға қылмыстық айыптаулар тағылып отыр. ОСС мұнай компаниясындағы аштық акциясы қаңтар айында екі аптаға созылды. Наразылық акциясына қатысушылар Қазақстанның тәуелсіз кәсіподағы конфедерациясын жоюға қарсы шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз