2017 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында Қазақстанға жалпы құны 755,7 млн доллар болатын телефондар әкелінді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 42,9 пайызға өсіп отыр. 2016 жылы Қазақстанға барлығы 528,9 млн долларға телефондар әкелінген болатын.
Ресей Қазақстанға – 50,4 млн долларға (55,5% көп), Малайзия 13,8 млн долларға (88,1% көп), АҚШ – 16,7 млн долларға (2,1 есе көп), Германия – 14,3 млн долларға (3,6 есе көп) техника импорттады.
Бұдан өзге Нидерланды Қазақстанға 6,5 млн долларға (11,5% көп), Эстония – 5 млн долларға (39,9%), Корей – 3,9 млн долларға (58,8%) техника сатты.