Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Қазақстандықтарға АҚШ-тан көбірек ақша аударылған

144
Фото: kapital.kz/Руслан Пряников

Қазан айында қазақстандықтар ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 92,6 млрд теңге жіберген. Өткен аймен салыстырғанда аударымдар көлемі 4,7 млрд-қа қысқарған.

Жыл басынан бері басқа елдерге ақша аудару жүйесі арқылы 834,3 млрд теңге жөнелтілген. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 198,9 млрд-қа артық. Жылдық өсім 31,3%-ды құрады.

2021 жылдың қазан айында ААЖ арқылы ақша аудару бойынша 226,7 мың транзакция жасалды. Көрсеткіш төмендеуде: қыркүйекпен салыстырғанда аударымдар саны 8 мың бірлікке азайды. Жыл басынан бері қазақстандықтар 2143,6 мың рет шетелге ақша жіберген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 174,6 мыңға (8,9%) өсті.

Аударымдардың саны мен көлемі бойынша ағымдағы динамика шетелге жіберілген қаражаттың орташа мөлшерінің өзгергенін көрсетеді. Бір ай бұрын көрсеткіш 414,3 мың теңге болса, қазан айында 408,6 мыңды құрады. Яғни, аударымның орташа мөлшері бір айда 5,7 мыңға төмендеді. Алайда 2020 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда – өсім 39,3 мың теңге.

Армения – орташа аударым сомасы ең жоғары ел. Қазан айында бір транзакция үшін 1 млн 840,4 мың теңгеден жұмсалды. Бір мезетте ең аз қаражат алған Тәжікстан – 136,1 мың теңге.

Өзбекстанға аударымдар азаюда

Өткен айда ең көп қаражатты Өзбекстан алды. Қазан айында бұл елге 30,5 млрд теңге жіберілді. Өткен аймен салыстырғанда бұл бағыттағы аударымдар көлемі 3,3 млрд-қа төмендеді, бірақ бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 15 млрд-тан (97,4%) асты.

Екінші орында Түркия (20,8 млрд). Жалпы, өткен айда топ-4 елге (бұған Ресей Федерациясы мен Қырғызстан да кіреді) Қазақстаннан жіберілген барлық аударымдардың 81%-ы келеді.

Осы жылы аударымдардың жалпы көлемі бойынша Өзбекстан көш бастап тұр. 2021 жылдың басынан бері бұл бағытқа 255,4 млрд теңге жіберілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аударымдар көлемі 127,7 млрд теңгеге өсті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қазақстандықтар қаражатты Түркияға (167,8 млрд) және Ресей Федерациясына (149,2 млрд) белсенді жөнелтуде.

Елге келген аударым көлемі бес айлық минимумда

Бір ай ішінде шетелден қазақстандықтар жалпы 23,3 млрд теңге алды. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 0,8 миллиардқа аз. Ағымдағы көрсеткіштер 2021 жылдың мамырынан бастап (соңғы бес айда) қарағанда ең төменгі деңгейге жетті. Айдың қорытындысы бойынша республикаға қазақстандықтардың басқа елдерге аударған қаражатынан 69,4 млрд теңгеге аз келді.

Ағымдағы жылы алынған қаражаттың жалпы көлемі 233,4 млрд теңгені құрайды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаражат көлемі 1,3 млрд-қа өсті. Екі жыл ішінде көрсеткіш 56,9 млрд-қа төмендеді. 2021 жылдың басынан бері таза сыртқа кеткен қаражат 600,9 млрд теңгені құрады.

Қазан айында Қазақстанға 81,2 мың рет ақша жөнелтілді. Қыркүйекке қарағанда олардың саны екі мың бірлікке азайды (2,4%). 2021 жылы алынған аударымдардың жалпы саны – 946,8 мың бірлік. Салыстырып көрейік, бір жыл бұрын көрсеткіш 1 млн 044,3 мың аударымды құрады.

Бір аударымның орташа мөлшері – 286,7 мың теңге. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 1,1%-ға  – 289,7 мың теңгеге көбірек болды. Егер өткен жылдың ұқсас айымен салыстыратын болсақ, аударымның орташа мөлшері 36,3 мыңға өсті. Тұтастай алғанда, шетелден алынған аударымның орташа мөлшері елден жіберілген қаражатқа қарағанда 43%-ға аз екенін атап өткен жөн.

Қазақстанға аударылған ең жоғары орташа сома Қырғызстанға тиесілі. Қазан айында әрқайсысының орташа мөлшері 696,2 мың теңгені құрады.  Елімізге бір мезетте ең аз қаражат жіберген Ресей Федерациясы — 131,6 мың теңге.

АҚШ негізгі донорлардың үштігінде

Өткен айда Қазақстанға ең көп қаражатты Өзбекстан жіберді. Қазан айында ол жақтан 5,1 млрд теңге келді. Бір ай ішінде осы бағыт бойынша аударымдар көлемі 22 млн-ға төмендеді. 12 айда – 320,2 млн-ға (6%) азайды.

Ірі донорлардың қатарында Ресей Федерациясы (3,2 млрд теңге) және Америка Құрама Штаттары (3 млрд теңге) бар. Осы үш елге бір ай ішінде Қазақстанға шетелден ААЖ арқылы жіберілген барлық қаражаттың 48%-ы тиесілі.

Жыл басынан бері Қазақстанға жіберілген аударымдардың жалпы көлемі бойынша Ресей көшбасшы болды. Он ай ішінде ол жақтан ААЖ арқылы 45,8 млрд теңге аударылды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1 млрд-қа аз. Сондай-ақ, қаражаттың едәуір көлемі Өзбекстаннан (39,6 млрд) және Корея Республикасынан (33,2 млрд теңге) келуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз