Азаюдың негізгі себебі – бұл артық ақшаны алуға берілген мүмкіндік.

Мамыр қаңтар айынан бастап зейнетақы жинақтарының көлемі өскен алғашқы ай болды. Ақпан айында ол 485,5 млрд теңгеге, наурызда – 20,7 млрд теңгеге, сәуірде – 16,5 млрд теңгеге қысқарды.
Барлығы
2021 жылдың 5 айында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 211,1 млрд теңгеге төмендеді
Басты себеп – тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе медициналық көмек алу үшін зейнетақының “артық мөлшерін” алу мүмкіндігі.
БЖЗҚ-ның мәліметі бойынша, 2021 жылғы 17 маусымда бұл мүмкіндікті 322 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған.

Республика бойынша жалпы теріс динамика 17 өңірдің 6-сында қалыптасты. Оларда алынған және төленген қаражат көлемі жаңа түсімдер сомасынан жоғары болды.
Маңғыстау облысында ең көп төмендеу байқалады. 5 ай ішінде жинақ көлемі 901,4 млрд теңгеден 643,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Яғни бірден 257,4 млрд (28,6%) теңге. Төмендеу 4 ай қатарынан жалғасуда, дегенмен қарқын біртіндеп төмендеп келеді: ақпан айындағы 165,7 млрд теңгеден мамыр айында 7,8 млрд теңгеге дейін азайды.
Сондай-ақ, 4 ай қатарынан Атырау облысы тұрғындарының зейнетақы жинақтарының көлемі төмендеуде. 2021 жылдың басынан бері жинақ көлемі 97,2 млрд теңгеге (12,3%) төмендеді. Осындай үрдіс батыстағы басқа да екі өңірде байқалады: Ақтөбе облысында 2,4 млрд теңгеге төмендесе, Батыс Қазақстан облысында – 15,8 млрд.
Республиканың екі ірі қаласы тұрғындарының да зейнетақы қоры азайған. Алматыда жаппай ақша алу ақпан айында (-101 млрд) болды, ал кейінгі айлардағы алынған ақшаны қалпына келтіру қарқыны (наурыз-мамыр айларында 29 млрд) айырмашылықты жаба алмады. Нәтижесінде – 5 ай ішінде минус 42,9 млрд теңге.
Нұр-Сұлтанда осы уақыт ішінде ақшаның азаю айырмашылығы 58,7 млрд теңгені құрады. Бұл ретте ақша алуға қатысты дүрлігу ұзаққа созылды: үш ай ішінде зейнетақы жинақтарының көлемі азайып, жиынтығы 80 млрд-қа төмендеді. Мамырда қайтадан өсе бастады – айдың қорытындысы бойынша плюс 8,4 млрд.

Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі бойынша Алматы көш бастап тұр. БЖЗҚ деректері бойынша, 2021 жылғы 1 маусымда жинақталған қаражаттың жалпы көлемі 2 трлн 467,1 млрд теңгені құрады. Бұл Нұр-сұлтанның көрсеткіші – 1 трлн 193,6 млрд. теңгеден екі есе көп.
Үшінші орында Қарағанды облысы. Тұрғындар зейнетақыға 1 трлн 172,6 млрд теңге жинады. Бұл ретте өңір міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының көлемі бойынша көш бастап тұр. Металлургтер мен кеншілер өлкесінде зейнетақы көлемі 74,7 млрд теңгені құрады. Ал бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 23%-ы.
Ең аз жинақталған зейнетақы Түркістан облысы тұрғындарының еншісінде. Халқы 2 млн адамнан асатын өңірде көрсеткіш бар болғаны 42,3 млрд-ты құрайды – бұл орташа есеппен бір адамға 21 мың теңге (балалар мен қазіргі зейнеткерлерді қоса алғанда). Мұны кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған келісімшарттардың бір бөлігі енді Шымкентке тиесілі екендігімен түсіндіруге болады.
