Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
13
USD
444
+1.86
EUR
481
+0.51
RUB
4.88
+0.02

Қазақстандықтар Тоқаевтан қандай реформалар күтеді — Сұлтанов

156
Болат Сұлтанов

Ал, қоғамда тезірек шешілуді қажет ететін өз сұраныстары қалыптасты. Әйтпегенде соңында жарылыспен аяқталуы мүмкін наразылық әлеуеті өсуі мүмкін дейді тарих ғылымдарының докторы Болат Сұлтанов. Реформалардың уақыты келді, және оларды халықтың мүдделерін ескере отырып өткізу керек.

Мемлекеттік сыңайлы секторды реттеу керек

— Болат Қылышбайұлы, реформаларды неден бастаған дұрыс еді? Жалпы қандай болуы керек? Жемқорлық сияқты дүниелермен күресу керектігі белгілі, бірақ нақты қадамдар қажет қой.

— Бізді экономика — бұл кез келген қоғамның негізі деп үйретті. Сол себепті, меніңше, бізге бірінші кезекте экономиканы реттеу керек. Және ең алдымен мемлекеттік сыңайлы саламен мәселені шешу қажет.

Шын мәнінде қазір бізде екі түрлі экономиканы басқарып отырған екі үкімет бар

Оның ішінде ең тәтті бөлігі мемлекеттік сыңайлы секторда.

Және қазір ақша мемлекеттік бюджеттен емес, “Самрұқ-Қазына” сияқтылардың еншілес компанияларынан бөлінді дегенде, бұл — қулық.

— Олардың бәрін жоюды ұсынасыз ба?

— Жоқ, жою емес, ресми мемлекеттік құрылымдармен бірге бір мемлекеттік секторға қосу. Және мемлекеттік сыңайлы секторлардағы шенеуніктердің жалақысын жою. Сондай-ақ, үкіметтің қатаң бақылауына алу.

Яғни бір ортақ экономиканы қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр — мемлекет осыдан пайда тауып, және әлеуметтік шығындарды осы пайданың есебінен жүргізуі тиіс.

Бұдан бөлек, экономикада Қытай тәжірибесін пайдалану қажет деп есептеймін. Тіпті Батыстың өзі Қытайдың мемлекеттік-жеке экономикасының артықшылығын мойындайды, өйткені ешбір Батыс компаниясы қытайлық экономикалық модельмен адал бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Санкциялар мен Қытайға жасалатын түрлі қысым осыдан шығып отыр.

Шағын және орта бизнестен бас тарту керек деп үгіттемеймін, керісінше, оларды қолдау қажет. Бірақ, дегенмен, экономикада мемлекеттің жетекші ролі сақталуы тиіс.

Атап айтқанда, стратегиялық салалардың кәсіпорындары мемлекеттік меншікте болуы тиіс

Жерді халыққа беріңіздер

— Әрі қарай кеттік. Ауыл шаруашылығы дамығанын қалаймыз. Бірақ қазір ол мемлекет қолдауымен ғана дамиды. Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, өткен ғасырдың 20-30 жылдарын еске алайықшы. Ол кездері жер өңдеу серіктестіктері, машина-тракторлық станциялар құрылды. Кейін жеке шаруаларды біріктіретін кооперативтер пайда болды. Мұндай форма Израильде де бар — кибуц деп аталады.

Латифундистерге үміт арту дұрыс емес, ауыл шаруашылығында әртүрлі меншік түрлерінің үйлесімі болуы керек. Бұл ретте мен ауылдық жерлерде жұмыс істейтін (немесе қалаларда тұратын, бірақ ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін) барлық азаматтарға жер учаскелерін беру туралы мәселені шешу қажет екенін бірнеше рет айттым. Жеке меншікке 10 сотыққа дейін, ал бұдан көп жерді — ұзақ мерзімге жалға беру.

Осыдан бір тетігін тауып, агроөнеркәсіпті алдыңғы шепке шығарып, кейін бүкіл экономиканы реттеп алуға болады.

Мысалы, АҚШ-та өткен ғасырда мұндай “тетік” автомобиль құрылысы болды

Ол өз кезегінде автожол құрылысын дамытты, кейін жол және автомобильдерді жөндеу кәсіпорындары құрыла бастады. Одан барып, материалдар, жұмысшылар және тағы басқаларға сұраныс артты.

Егер, мысалы, үйі жоқ азаматтарға жер берсеңіз олар үй тұрғыза бастайды. Оларға құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар қажет болады. Мемлекетке жолдар мен инженерлік қатынаспен мәселелерді шешуге көмектесу қажет болады. Бірақ нәтижесінде, қазіргі қалалық жерлердегі шиеленіс біртіндеп азаяды.

Адам үй салып алды ма, енді ол отбасын құра алады — ал бұл демографиялық мәселені шешеді.

Яғни қазір экономикалық реформалар аса маңызды, оның ішінде ауыл шаруашылық және жер реформалары.

Қазіргі үкімет — ештеңеге құлықсыз

— Конституциялық реформалар да аса қажет. Президент екі мерзімнен аспайтын мерзімге ғана сайлана алатындығын шегелеп тұрып бекіту қажет.

Билікті басып алуға деген ұмтылыс мемлекеттік қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс деп қосар едім

Жалпы алғанда, бәрінің негізінде заң алдында бәрі тең деген постулат болуы тиіс. Заң қатал — бірақ бұл заң. Егер біреу заңды бұза тұрып жазасыз құтылып кетсе, бұл қоғамның әлсіздігін білдіреді.

Сондай-ақ парламенттік сайлау жүйесін өзгерту қажет деп есептеймін, өйткені қазіргі сайлау уақыт сынынан өте алмады. Парламенттік мандаттар үшін нақты күрес жоқ, кандидаттарға үгіт-насихат жүргізілмейді, өйткені олар жеке адамдар үшін емес, белгілі бір партия үшін дауыс береді. Бұл дұрыс емес деп есептеймін, өйткені

әрбір депутат сайлаушылар алдында дербес жауап беруі тиіс

Ол үшін қазіргі пропорционалды жүйенің орнына мажоритарлық пропорционалды жүйені енгізу керек.

— Ал қазіргісі несімен әлсіз? Партиялар сайлаушыларға тізім жасақтап ұсынады, оның ішінде белгілі бір азаматтар бар.

— Это фикция, потому что окончательный список руководство партии определит позже. В списках сейчас могут быть известные и популярные личности, но далеко не факт, что их утвердят в окончательном варианте.

— Бұл фикция, себебі партия басшылығы ақырғы тізімді кейінірек белгілейді. Қазір тізімдерде танымал тұлғалар болуы мүмкін, бірақ олардың түпкілікті нұсқада мақұлданатындығы нақты емес.

Қазір жұмыс істеп тұрған жүйе бойынша сайлау нәтижесінде біз нені көреміз? Парламент іс жүзінде атқарушы биліктің қосымшасы болып қала береді. Олардың қатарында сайлаушылардың мүдделерін қорғай алатындар болуы керек, бірақ іс жүзінде жиналыстарда басшылық бұйырғанда дауыс беріп қана отыратын құлықсыз депутаттарды ғана көреміз.

Жалпыға бірдей теңдік — бұл қиял

— Реформаларды қажет ететін келесі нысан барлығына белгілі денсаулық сақтау мен білім беру. Оның ішінде “тәрбие беру” деп атайтын сала. Бірақ ол туралы кейінірек. —

Білім беру де, денсаулық сақтау да тегін болуы қажет. Біз бәріміз салық та, басқа да төлемдер жасаймыз — зейнетақы төлемдерінен бастап медициналық сақтандыруға дейін. Мемлекетке табысымыздың бестен бірін береміз және одан соған сай әрекет күтеміз.

— Тегін мектеп білімі бізде бар. “Әзірше” деу керек пе? 

— Бірінші сыныптан бастап жоғары оқу орнын бітіргенге дейін тегін болуы қажет. Сонда біз әлеуметтік мемлекет туралы айта аламыз. Ал қазір біз бастауыш сыныптан бастап қоғамда кедергілер жүйесін қалыптастырып жатырмыз, себебі байлардың балалары шетелден сапалы білім ала алады немесе арнайы интеллектуалдық мектептерде оқиды. Ал қарапайым ауыл шаруасының мұндай мүмкіндігі жоқ. Баласы өскенде қалаға білімсіз болып келеді.

Қалада көңілі толмаушылардың қатарын толықтырады, ал ең ашулылары қылмыскер атанады

Яғни әлеуметтік әділетсіздікті қоғамда өзіміз тудырамыз. Ал сосын кез келген үгітке еріп, көшеге шығуға дайын болатын жастар қайдан шығады деп таң қаламыз? Әзірше құқық қорғау оргадары бұл қауіпке тосқауыл қоя алып отыр, бірақ мұның негізі — әлеуметтік теңсіздік екенін ұғуымыз керек.

Норвегияда мынадай заң бар: министрдің жалақысы осы министрлікте істейтін еден жуушының жалақысынан үш есе көп болмауы тиіс. Және егер министр жалақысын көбейткісі келсе, ол еден жуушының да жалақысын көбейтуі тиіс.

Қоғамда бай да, кедей де әрдайым болады, жалпыға бірдей теңдік — бос қиял. Бірақ, біріншіден, тақыр кедейлер мен шіріген байлар болмауы тиіс. Екіншіден, кедейлер мен байлардың арасында қоғамға тұрақтылық беретін өзіндік қабат болуы керек. Бұл ШОБ, инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдерден тұратын, лайықты жалақы алатын орта тап.

Орта тап — бұл қоғамның әрі-бері теңселмеуіне кепіл бола алатын қабат

Жалғасы бар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз