Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандықтар тамызда шетел валютасын 60 пайызға көп сатып алған

Биылғы қаңтар-тамызда қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары (нетто) 1,4 триллион теңге (АҚШ доллары – 66 пайыз, Ресей рублі – 24 пайыз, еуро – 10 пайыз) болғаны айтылады. Бұл көлемді, 2016 жылды қоспағанда, өткен жылдардың тиісті кезеңдеріндегі көрсеткіштермен (2012-2015 жылдардағы орташа мәні – 1,5 триллион теңге) салыстыруға болады.

“Қолма-қол шетел валютасына сұраныс жеке тұлғалардың жеке шығыстарын (шетелге туристік сапарлар, шетелге ақша аударымдары, жинақтарды әртараптандыру) төлеу қажеттілігіне, негізінен сауда қызметін жүргізетін шағын кәсіпкерліктің жекелеген санаттарының қажеттілігіне негізделген”, – дейді банк өкілдері.

Тамызда қолма-қол шетел валютасын сатып алу көлемінің өсуіне бұрын Ұлттық банк мәлімдеген “негізсіз девальвациялық күтулердің артуы” да әсер етіпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз