Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстандықтар “праваны” сатып алғанын ашық мойындай бастады

133

Ақталу үшін Әйгерімнің емтихан тапсырып отырған видеосын апыл-ғұпыл көрсеткендер де күлкіге қалды.

Бір шындық бар:

Қазақстанда жүргізуші куәлігін сатып алуға болатынына ешбір қарапайым қазақстандық таң қалған жоқ. Өйткені көпшілігі сатып алған.

«Сатып алу мүмкін емес», деген шенеуніктердің қай Қазақстанда өмір сүретінін білмедік.

Nur.kz сайтының пысық журналистері халық арасында сауалнама жүргізіпті: «праваны сатып алдыңыз ба? » деген сұрақ қойыпты.

Анонимді сауалнамаға жасы 18-ден асқан 1,4 мыңнан астам адам қатысып,

оның тең жартысы (49.5 %) жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алғанын жасырмапты.

22.9 пайызы автомектепте оқыса да, емтиханды өз күшімен тапсырмаған екен. 21.9 пайызы ашықтан-ашық сатып алғанын айтыпты, ал 4.8 пайызы сыйлыққа алыпты.

Мінеки. Ал, не дейсіз?

Фото: tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз