Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандықтар қалай қор жинайды: валюта нарығына үлкен талдау

194
Фото: © AFP 2018 / TED ALJIBE

Қазан айында айырбастау пункттерінің үш негізгі валютаны (доллар, еуро, Ресей рублі) нетто-сатуы (сату минус сатып алу) 294,4 млрд теңгені құрады. Қыркүйекпен салыстырғанда мәмілелер көлемі 7,1 млрд теңгеге (2,4%) азайды.

2020 жылдың қазанымен салыстырғанда негізгі валюталарға сұраныс 44,7 млрд теңгеге (8,2%) өсті

Өткен айда ең көп сұранысқа ие валюта доллар болды. Бұл республиканың 12 аймағында , рубль — бес аймақта ең танымал болды.

Жыл басынан бері қазақстандықтар доллар, еуро және рубль сатып алуға оларды сатудан түскеннен 2 трлн 193,4 млрд теңгеге артық жұмсады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде мәмілелердің нетто-көлемі 1 трлн 877,3 млрд теңгені құрады. Осылайша, бір жыл ішінде қазақстандықтар тарапынан валютаға сұраныс 316,1 млрд теңгеге (16,8%) өсті. Алайда, 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 244,2 млрд теңгеге (10%) төмендеді.

Долларға сұраныс азайды, бірақ жоғары күйінде қалып отыр

Қазан айының қорытындысы бойынша айырбастау пункттерінің америка валютасын нетто-сату көлемі 188,4 млрд теңгені — негізгі валюталарға сұраныстың жалпы көлемінің 64%-ын құрады. Орташа айлық бағам бойынша қайта есептеу кезінде халықтың қолында бір айда 442,6 млн доллар жиналды. Жыл басынан бері – 3 млрд 206,8 млн.

Соңғы 24 ай ішінде қазақстандықтар орташа есеппен бір айда 144,5 млрд теңгеге доллар сатып алуға оларды сатудан алғанына қарағанда көбірек жұмсады. Осылайша, сұраныстың қазіргі деңгейі соңғы екі жылға қарағанда едәуір жоғары. Бірақ бұл ретте соңғы айда американдық валютаға сұраныс 9 млрд теңгеге қысқарды.

Жалпы, 2021 жылы айырбастау пункттерінің долларды нетто-сату көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1 трлн 268 млрд теңге болса, биыл 1 трлн 362,9 млрд теңгені құрады. Яғни, осы уақыт ішінде долларға сұраныс 7,5% – ға өсті.

Ең жоғары сұраныс — Шымкентте

Шымкент пен Алматы Қазақстан бойынша барлық нетто-сатылымдардың 57,7%-ын қамтамасыз етеді. Аутсайдерлер арасында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары бар. Долларларды нетто-сату көлемі 2020 жылмен салыстырғанда сегіз өңірде өсті. Өсім бойынша көшбасшы Шымкент (+228,0 млрд теңге), басты аутсайдер — Алматы (-105,3 млрд теңге) болды.

Жалпы республикалық көлемде өсім болғанына қарамастан, көптеген аймақтарда долларға сұраныс төмендеді.

Өткен аймен салыстырғанда қазан айында американдық валютаға сұраныс жеті аймақта өсті. Ең жоғары өсімді Нұр-Сұлтан (5,9 млрд теңге), ең күшті төмендеуді Алматы (-9,2 млрд теңге) көрсетті.

Алматы мен Нұрсұлтан еуроға сұраныстың жартысын қамтамасыз етеді

Ай қорытындысы бойынша нетто-сатудың жалпы көлеміндегі еуропалық валютаның үлесі 11,5%-ды құрады. Халықтың еуроны сатып алуға жұмсаған шығындары мен сатудан түскен кіріс арасындағы айырмашылық 33,8 млрд теңгені құрады. Соңғы айда бұл көрсеткіш 3,7 млрд-қа қысқарған.

2021 жылғы қазанда еуроның барлық нетто-сатылымының 47,9%-ын екі өңір: Алматы (11,3 млрд) және Нұр-Сұлтан (4,6 млрд теңге) қамтамасыз етті. Соңғы айда еуропалық валютаға сұраныс тоғыз аймақта өсті. Ең жоғары өсімді Шығыс Қазақстан облысы көрсетті (+0,5 млрд), ең күшті төмендеу — Нұр-Сұлтанда (-2,2 млрд).

Жыл басынан бері халықтың қолында 491,8 млн еуро жиналды. Соңғы айда бұл көлем 68,4 млн-ға толықты. Ұлттық валютада айырбастау пункттерінің еуровалютаны сатуының таза көлемі 248,1 млрд теңгені құрады.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халық тарапынан еуроға сұраныс 91,3 млрд теңгеге (58,2%) өсті. Нетто-сатудың қазіргі деңгейі соңғы екі жылдағы орташа деңгейден 61,4%-ға жоғары.

2018 жылдың жазынан бастап рубльге сұраныс ең жоғары

2021 жылдың қазан айында қазақстандықтар рубльді сатудан түскеннен сатып алуға 72,2 млрд теңгеге артық жұмсады. Өткен айдың қорытындысы бойынша негізгі валюталарды нетто-сатудың жалпы көлеміндегі Ресей валютасының үлесі 24,5%-ды құрады.

Соңғы айда рубльге деген сұраныс 5,7 млрд теңгеге (8,5%) артты. 2020 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда нетто-сату 4,7 млрд теңгеге (7%) өсті. Соңғы айларға қатысты айтсақ, ресейлік валютаға деген қажеттілік өте жоғары – соңғы рет көрсеткіштер 38 ай бұрын, 2018 жылдың тамызында жоғары болған.

Орташа айлық бағам бойынша қайта есептегенде 2021 жылдың қазан айында қазақстандықтар рубльді сатқаннан сатып алуға 9,5 млрд рубльге артық жұмсады. Жыл басынан бері айырмашылық 101 млрд-ты құрады.

Жыл басынан бері рубльдің нетто-сатылымының жалпы көлемі 582,4 млрд теңгені құрады. Салыстырып көрейік, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде таза сұраныс 452,5 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Көрсеткіш 129,9 млрд теңгеге (28,7%) өсті. Екі жыл ішінде сұраныстың өсуі 61,4 млрд теңгені (11,8%) құрады.

Ресей валютасына сұраныс 14 аймақта өсті

2021 жылдың қазан айында Ресей рубліне сұраныстың көшбасшылары Шығыс Қазақстан (13,3 млрд) және Павлодар (9,7 млрд теңге) облыстары болды. Екеуі жалпы республикалық сұраныстың 27,6%-ын қамтамасыз етті. Рубльге ең төмен сұраныс Қызылорда және Түркістан облыстарында (0,2 млрд теңгеден) болды.

Бір ай ішінде ресейлік валютаның нетто-сатылымы республиканың 14 өңірінде өсіп, үшеуінде түсті. Павлодар облысы ең күшті өсім көрсетті (2,6 млрд), ең күшті төмендеу — Нұр-Сұлтанда (-3,2 млрд теңге).

2021 жылдың басынан бастап рубльге деген үлкен сұраныс Шығыс Қазақстан (89,5 млрд) және Батыс Қазақстан (72,3 млрд теңге) облыстарында байқалады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл өңірлерде нетто-сату 44,9 млрд теңгеге өсті. Жалпы алғанда, рубльге сұраныстың өсуі өткен жылмен салыстырғанда 15 өңірде байқалады.

Трендтер

  • Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында долларға деген сұраныс үшінші ай қатарынан төмендеп келеді. Сонымен бірге, еуроға қазан айындағы сұраныс 2019 жылдың маусымынан бастапқы ең жоғарысы болды, рубль – кем дегенде 2018 жылдың басынан бастап ең жоғары деңгейде.
  • Солтүстік Қазақстан облысында Ресей валютасына сұраныс 2019 жылдың қарашасынан бастап ең жоғары болды. Бұл халықтың доллар сатып алуына кедергі келтірмейді: сұраныс бес ай қатарынан өсуде. Ақмола және Қарағанды облыстарында долларға сұраныс 2019 жылдың желтоқсанынан бастап ; евроға – сол жылдың маусымынан бастап максимумға жетті
  • Түркістан облысында еуро мен доллар өңір бөлініп шыққан сәттен бастап (яғни 2018 жылдың жазынан бастап) бірде-бір рет сұранысқа ие болған жоқ. Жамбыл облысында долларға деген қажеттілік 2019 жылдың маусымынан бастап ең жоғары деңгейде
  • Қостанай облысында еуроны нетто-сату 2019 жылдың маусымынан бастап; Батыс Қазақстан облысында – сол жылдың сәуірінен бастап максимумға жетті.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз