Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандықтар карантиннен шықсақ, экономика қайта қалпына келеді деп үміттенеді — сауалнама нәтижелері

210
Сурет: tandfonline.com

Сауалнаманың деректеріне  қарағанда, маусым айында  ТЖ режимінен шығу  экономиканың болашағына қатысты жасалған бағалауды жақсартқан.

Осылайша, келесі 12 айда тұтыну бағасының өсу қарқыны айтарлықтай төмендеді — мамыр айында 21%-дан 15%- ға дейін. Қалыптасқан деңгейде инфляциялық динамиканың сақталуын күтетіндердің үлесі де (32%-дан 27%-ға дейін) және оның баяулауын болжағандардың үлесі де (18%-дан 17%-ға дейін) азайды.

Бірақ алдағы 12 ай ішінде тұтыну бағасы төмендейді деп ойлаған респонденттердің үлесі (4%-дан 5%-ға дейін) сәл өсті.

Алайда әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалық шектеулерді алып тастап, үкімет пен әкімдіктер тарапынан тұтыну нарығына жасалған бақылау әлсірегеннен кейін маусым айында жылдық инфляция қайтадан жоғарылады. Егер мамыр айында сәуір деңгейінен 6,7%-ға дейін төмендесе, маусым айында оның мәні 7%-ға дейін көтерілді.

 Ал азық-түлік тауарлары жылдық мәнде 11,1%-ға қымбаттады

Бұл жақында Ұлттық банк қайта қарап, инфляция дәлізі бойынша жасаған 8-8,5% деңгейіндегі болжамнан  сәл жоғары.

Жақсылыққа үміттенеді

Тұтынушылық бағаның өскеніне қарамастан, респонденттердің инфляциялық көзқарастары шындыққа сәйкес келмеді. Нәтижесінде маусым айында мамырмен салыстырғанда азық-түлік бағасы ең жоғары деңгейде өсті деп есептейтін сұралғандардың үлесі 91%-дан 89%-ға дейін төмендеді, ал ақылы қызметтер бойынша ол 2%-дан 3%-ға дейін өсті.

Маусым айында респонденттер соңғы 12 айда баға қаншалықты өсті деген сұраққа  ерекше өзгерістер болған жоқ деп жауап берген

Қазақстандағы байларға салынатын салық: көлемін қашан арттырады және нәтижесі қандай болады? —

Олардың 9%-ы бұрынғыдай жылдық инфляция 1-5% аралығында қалыптасты деп санайды. 22% оны 6-10% дәлізінде болады деп бағалайды. Сауалнамаға қатысқандардың 17%-ы 11-15%, ал респонденттердің  15%-ы 16-20% шамасында кұтіледі деген баға берді.

Тұтыну бағасының өсу қарқынын жылдық мәнде 20%-дан жоғары бағалағандардың үлесі мамыр айында 31% болса, маусым айында 24%-ға дейін төмендеді. Қалай болғанда да, сауалнамаға қатысқан азаматтардың көпшілігінің бағалауы ресми статистика деректерінен асып түседі.

Теңге бағамына қатысты болжамдар

Қазақстандықтардың девальвациялық болжамдары туралы мәселе әлі де сауалнамаға енгізілмеген. Мемлекет басшысының халықтың негізсіз девальвациялық болжамдарын төмендету үшін коммуникацияларды жақсарту жөніндегі тапсырмасына қарамастан  Ұлттық Банк тиісті деректерді 2019 жылдан бастап  жарияламайды. Сондықтан азаматтардың өздерінің қолма-қол жинақтарын қандай валютада ұстайтыны туралы сұрағына назар аударуға тура келеді.

Қашықтан оқыту үшін әр оқушыға бір планшеттен алып беретін мемлекеттің ақшасы жоқ — Перуашев

Маусым айында теңгенің долларға шаққандағы нығаюына халық адекватты жауап қатты. Мәселен, жинақтарын АҚШ долларында сақтағысы келетіндер мамыр айында 37% болса, маусым айында 28%-ға дейін азайды. Жаздың алғашқы айында америкалық валютаның ресми бағамы 411,54-тен 403,83 теңгеге дейін, 1,9%-ға төмендеді. Алайда, ақшаны теңгеде ұстағысы келетіндердің үлесі өзгерген жоқ, мамыр айындағы деңгей 75% сақталды. Айтпақшы,

бұл 2020 жылдың екінші ірі нәтижесі, бұдан төмен көрсеткіш қаңтар айында ғана (74%) тіркелді

Осы жазда бірыңғай еуропалық валютаның айтарлықтай нығаюына қарамастан, онда жинақ сақтайтын қазақстандықтардың үлесі 5%-дан 0%-ға дейін күрт төмендеді. Бірақ Ресей валютасына артықшылық беретіндердің үлесі артты (4%-дан 9%-ға дейін). Мұны отандастарымыздың Ресейге көшу ниетінің артуымен байланысты түсіндіруге болады.

Ресейдегі жағдай қалай?

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сауалнама Ұлттық Банктің тапсырысы бойынша GfK Kazakhstan (Fashion Lab) компаниясымен телефонмен сұхбат жүргізу арқылы жүргізіледі. Оған 250 мыңнан астам халқы бар қалаларда тұратын 1500 респондент қатысты. Мұндай әдіс жүргізуде респонденттер мен интервьюерлердің тікелей байланысқа түсуі қажет болмағандықтан, ТЖ режимі мен жалпыұлттық қайталама карантин сауалнама жүргізу форматына әсер еткен жоқ.

Ресейде Орталық Банктің тапсырысы бойынша осындай сауалнаманы бұрын «инФОМ» ЖШҚ респондентпен жеке сұхбат түрінде жүргізген болатын. Енді деректер форматы бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Осылайша, 15-21 маусымда өткен алтыншы телефон сауалнамасында Ресейдің 82 субъектісінде 461 қалалық және 289 ауылдық елді мекендерде тұратын 1 527 адам сұралды.

Мектепке 2021 жылы күзде ғана барамыз ба? Қауіпсіздік пен сапалы білімнің арасында теңгерімді табу бойынша әлемдік тәжірибелер

Қазақстандағы сияқты, Ресейде де сауалнамадан рубльдің долларға айырбастау бағамы бойынша девальвациялық болжамдар туралы мәселе алынып тасталды. Инфляциялық болжамдарға келетін болсақ, ресейліктердің бір жылға жасалған болжамдары алдыңғы сауалнама деңгейінде қалды.

Респонденттердің 42%-ы баға қазіргіден едеуір жоғары өседі деп күтсе, 11%-ы шамамен бірдей деңгей сақталады, ал 3%-ы инфляция деңгейі төмен болады деп болжады. 2%-ы бір жылдан кейін де бағалар қазіргідей болады деп есептейді.

Айта кетейік, Қазақстанда жүргізілген сауалнама Ресейдегі сауалнамадан айтарлықтай ерекшеленеді. Онда коронавирус пандемиясы кезіндегі карантиндік шектеулер жағдайында жұмыстағы (жұмысшылар үшін) және бизнестегі өзгерістерге арналған сұрақтар тізімі енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз