Нұр-Сұлтан
Қазір
-23
Ертең
-10
USD
509
-2.03
EUR
535
-4.79
RUB
5.06
-0.09

Мектепке 2021 жылы күзде ғана барамыз ба? Қауіпсіздік пен сапалы білімнің арасында теңгерімді табу бойынша әлемдік тәжірибелер

1151
Иллюстративтік сурет: Екатерина Петрова / «Русский репортер»

Мектептерді қайта ашу үшін әлі де дәлелді себеп табылған жоқ. Бұл мәселеге қатысты шешім қабылдайтын шенеуніктер балалардың вирусты жұқтыру тәуекелдерін және оқуда артта қалу және әлеуметтендіру сияқты даму элементінен айырылу проблемаларын теңдестіруі тиіс. Оқушылар мектепке оралуы тиіс пе деген шешім әрбір нақты қауымға, мектеп округіне және тіпті мектептегі сыныпқа қарай бейімдеу керек.

Ұлттық ғылым, инженерия және медицина академиялары осы аптада бастауыш сыныптағы балаларға қатысты есеп берді. Олар

5-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған қауіпсіздік шаралары жақсы қаржыландырылған мектептер ашуды ұсынады

Мәселенің екі ұшы бар

Бір жағынан, COVID-19 кезінде тіпті ең кішкентай балалардың өзі академиялық және әлеуметтік дамуда артта қалды деп болжауға мүмкіндік беретін көптеген ғылыми дерек бар.

Бұл біріншіден аз қамтылған отбасылардың балаларына қатысты. Ғылымға сүйенсек,  достарымен және ұстаздармен әлеуметтік қарым-қатынас жасау ерте балалық шақта әлеуметтік және академиялық білім алуда аса маңызды рөл атқарады

Балалар басқа балалармен және ересектермен қарым-қатынас жасай отырып, жақсы оқиды және дамиды

Мәселен, зерттеулер көрсеткендей, күшті тілдік дағдылар басқа адамдармен сөйлесу контекстінде пайда болады. Кішкентай балалардың басқа балалар және ересектермен нақты өзара іс-қимылы әлеуметтік байланыстарды, сөйлеу фунцияларын дамытады және сауаттылыққа жауапты ми аймағын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, баланы оқыту мен дамытуда әлеуметтік қатынастар шешуші рөл атқарады.

Екінші жағынан, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қатысты біз көп нәрсені білмейміз. Үш маңызды мәселе бойынша деректер әлі де зерттеу процесінде. Ал  аралық нәтижелер кейде бір-біріне қайшы келеді:

  • COVID-19 жұқтырған балалардың дденсаулығына төнетін қауіп деңгейі;
  • балаларда инфекция  симптомсыз түрде көрінуі мүмкін бе;
  • балалар  мұғалімдер мен ата-аналар арасында COVID-19-да тарата ала ма.

Нақты жауабы жоқ

Дания мен Германия сияқты елдер халықаралық деректерге негізделген есепте жеткілікті қауіпсіз нәтижелер алды. Алайда, Израильдегі деректер мектептердің ашылуы вирустың өршуіне себеп болғанын дәлелдеді.

Бұл айырмашылықты қандай факторлармен анықтайдтыны түсініксіз.

65 мың адамды қамтыған Кореяда жүргізілген зерттеу вирусты тіпті кішкентай балалардың да жұқтыратынын және тарататынын көрсетті. 10 жасқа дейінгі баалалар инфекцияны екі есе тезірек жұқтырады. Бұл ретте вирус балаларға қаншалықты ұзақ әсер ететіні белгісіз. Демек, есейу процесінде олардың ағзасында қандай өзгерістер болатыны да беймәлім.

Кішкентай балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтай алатыны да белгісіз. Күн бойы маска киіп жүрген  4 жастағы балалар мен бір-бірінен екі метр қашықтықта ойнайтын үш жастағы балалар командасын елестету қиын.

Сонда ата-аналар мен мұғалімдер не істеуі керек, мектептерді ашу үшін қандай саясатты басшылыққа алу керек? Қалай ашады? Нақты жауап жоқ. Теңгерімін табу керек.

Не істеу керек

Американдық педиатрия академиясы күзде бастауыш сынып балаларының мектепке баруынаа мүмкіндік беретін ұсыныстарды әзірледі. Бірақ бір аптадан кейін бұл нақты ұсыныстар өзгертілді.

Академиктер өз жазбаларында:

«Мектепке оралу балалардың салауатты дамуы мен әл-ауқаты үшін маңызды, бірақ оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз  ететін жолды табуымыз керек.

Яғни, қайта ашуға арналған бірыңғай жоспар жоқ — барлығы өңірдегі, аудандағы және мектептегі жағдайға байланысты. Тәуекелдерді есептеу кезінде жергілікті жағдайларға сүйену қажет. Оларға:

  • ортада вирустың таралуы, оқу орнының барлық қызметкерлерінің денсаулығына төнетін қауіптер (тек мұғалімдерге ғана емес);
  • мектептерге сынып бөлмелерін дезинфекциялауға  жеткілікті қаржы ресурстарының бөлінуі
  • ауру белгілерін аныықтау үшін оқушылар мен қызметкерлерді үнемі тексеріп отыру мүмкіндігі, академиялық үй-жайларды қайта жабдықтау. Мысалы, таза ауада оқу аймағын жабдықтау.

Тәуекелдерді есептеуге оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты жеке сипаттамалар да әсер етеді. Аз қамтылған отбасы балалары, эмигранттардың балалары және ерекше қажеттіліктері бар балалар көрсетілетін қызметтерді тек мектептер арқылы алатынын атап өту маңызды.

Себебі, күзде мектепті қалай қауіпсіз ашу деген сұраққа жауап қара-ақ емес, көптеген БАҚ бізді сендіруге тырысуда.

Мектептерді қайта ашу үшін динамикалық факторлардың тепе-теңдігін мұқият зерттеу керек

Әрине, саяси емес, ғылыми жауап қажет. COVID-19 қалай таралатыны және оның балаларға әсері туралы ғылыми деректер біздің көз алдымызда жинақтауда. Дегенмен денсаулығымызға қауіп төнетіні анық, бірақ балалардың қарым-қатынас тәжірибесінен айырылуының да салдары бар. Мектептердің осы балансқа қалай қол жеткізетіні әлі белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз