Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қашықтан оқыту үшін әр оқушыға бір планшеттен алып беретін мемлекеттің ақшасы жоқ — Перуашев

215
Сурет: liter.kz

14 шілдеде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарға ведомствоның оқу жылының бірінші тоқсанындағы жоспарлары туралы айтып берді.

«Біз ең алдымен балалар мен педагогтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға басымдық береміз. Сондықтан келесі шешімді ұсынамын: оқу жылын 1 қыркүйекте шалғайдағы ауылдық шағын жинақты мектептерді қоспағанда, барлық мектепте 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында бастау. Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушыларына тиісті жағдай жасап,  қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру қажет», —деді министр Үкімет отырысында.

Алыстағы шағын жинақты ауылдық мектептерде оқыту штаттық режимде өтеді, деп уәде берді Асхат Аймағамбетов. Алайда, бұл  әдеттегі мектептері бар басқа кенттердегі Интернетке қатысты мәселені шешпейді.

Сонымен қатар министрлік ата-аналардың балаларын оқытуы мәселесін қайтадан назардан тыс қалдырды. Ал

«балаларды үйден оқытып отыратын болса, ата-аналар қашан және қалай жұмыс істейді» деген сұраққа жауап жоқ

Балаларға тегін білім беру — мемлекеттің конституциялық міндеті. Тегін емдеу секілді. Депутат, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев пен оның әріптестері өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерделеуде.

Сәлем, мектеп, жаңа жыл!

—Жаңа оқу жылының басталуына дейін бір ай қалды. Сіз өңірлерге барып, ондағы адамдардың әл-ауқаты мен интернетке қатысты жағдайдың нақты көрінісіне куә болдыңыздар. Көптеген ауылда интернет жоқ. Ауыл балалары сапалы білім алу мүмкіндігінен айырылады ма?

— Мәселе бар және ол оңай емес. Төтенше жағдай кезінде оқушылар ең болмағанда мобильді интернет бар жерлерде қашықтан оқып бұл форматты сынап көрді.

Мысалы, жақында

мен Қостанай облысының Арқалық өңірінің ауылдарында болдым. Онда сымды байланыс болмағаннан үй компьютерлерінің пайдасы жоқ

Сондықтан ата-ананың көпшілігі, тіпті жоқ жұмыссыз болса да, несиеге балаларына телефон сатып алып берген.

Алайда, көп балалы отбасылар әр балаға гаджет сатып ала алып бере алмайды.
Біз осындай ондаған отбасына бардық. Олардың көпшілігінде бүкіл отбасында бір ғана телефон бар. Балалар сабақтарын өз сыныбымен емес, телефонға қол жеткізген уақытта оқыған. Тұрғындар осындай балалармен жеке айналысуға келіскені үшін ұстаздарға алғысын білдірді. Бірақ бұл дұрыс емес. Біз ауылдағы әр оқушыға жеке бір мұғалімнен бекіте алмаймыз!

Ал ұялы байланыс жоқ жерде қандай жағдай орын алуда? Ресми деректер бойынша, 2 мыңға жуық ауыл интернетке қосылмаған

Мұндай елді мекендердің оқушыларына қандай көмек көрсете аламыз? Олар соңғы тоқсанда қалай білім алды? Біз білім министрлігіне сұраныс дайындап жатырмыз, себебі балаларды оқусыз қалдыруға болмайды.

Мәселені шешудің жолдары

— Ал цифрлық даму және білім министрліктерінің ірі шенеуніктеріне қарсы көтерілген қылмыстық істер XXI ғасырда 2 мың ауылдың интернет дегеннің не екенін білмейтініне байланысты ма? Жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалды. Мүмкін ұялы операторларды осы ауылдарға кіруге ынталандыру керек шығар?

— Қылмыстық істердің интернетпен қамтудың нашарлығына байланысты немесе мен  басқа себебі бар екенін мен болжай алмаймын. Кінәсіздік презумпциясы бар, бұл іспен сол органдар айналыссын.

Азат Перуашев, сурет: Николай Гуров\forbes.kz

Естеріңізде болса, соңғы екі жылда, соның ішінде 2019 жылдың күзінде «Ақ жол» фракциясы Білім министрлігінің ақпараттық қызметтерінің қолжетімсіздігі туралы мәселені көтерді. Біраз талқыланған «Күнделік» электронды журналына қатысты мәселені айтайық.

Белгілер мен кестелерді жүктеп, тапсырмаларды алу үшін адамдар ағаштар мен сарайлардың шатырларына шықты

Проблема бар. Қазір оны қалай жедел  шешуге болады? Екі жолы бар. Біреуі, сіз айтып отырғандай, ұялы операторларды мұнара орнатуға ынталандыру. Бірақ бұл бүгінгі карантин жағдайында қаншалықты мүмкін екенін білмеймін. Екінші нұсқа –мәселені теледидар арқылы шешу. Сабақтар көрсетілетін арнайы білім беру арнасының ашылуы туралы әңгіме болды. Бірақ 11 сыныптың барлығы бір уақытта білім алуы керек. Оқушылардвң барлығына берілетін материалды бір арнадан тарату мүмкін емес. Ал әр сынып үшін жеке телеарна ашу да мүмкін емес.

Бәріне бір планшеттен бересің

— Алматы әкімі алматылық тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды ноутбуктер мен планшеттермен қамтамасыз етуге уәде берді. Алматыда мұндай қаржылық мүмкіндіктер бар. Ал қызылордалық балалар өз билігінен осындай көмек ала ма? Бұл балаларды тұрғылықты жері бойынша жасанды кемсіту секілді көрінбей ме?

— Сондықтан біз осы сұрақтарға жауап алу үшін өңірлерге бардық. Алматы мен Нұр-Сұлтан әрдайым басты назарда — онда баспасөз, белсенділер мен бастамашыл топтар өте көп. Азаматтық қоғамның мемлекеттік органдар жеткілікті назар аудара бермейтін проблемаларды шешуге бастама жасайтыны жақсы. Бұндағы әкімдіктердің қаржылық мүмкіндіктері жоғары.

Ал облыстарда, әсіресе ауылдық аудандарда, адамдар проблемаларымен жеке қалуға мәжбүр

Олай болмауы керек. Адамдар мемлекет үшін тек үш ірі республикалық қаланың ғана емес, бүкіл Қазақстанның тұрғындары маңызды екенін көруі керек.

Бірақ мен, әсіресе қазір

мемлекеттің барлық баланы компьютермен немесе планшетпен қамтамасыз ету мүмкіндігінің бар екеніне күмәнім бар

Реалист болу керек.

Иә, біз көрген ата-аналар өз бетінше отбасына кем дегенде бір телефон сатып алудан бас тартып отырған жоқ. Қоғам өкілдері де осы жерде қол ұшын созуы керек. Мысалы, бүгін біздің Қостанай филиалы көп балалы отбасыларға қосымша телефондар сатып алып, таратты.

Қазір ең бастысы – Интернетке қол жеткізу мәселесін шешу немесе басқа жолмен балаларға білім алуға мүмкіндік беру. Ұзаққа созбай, бірден шешімін табу керек.

Қоғамдық келісім

— Мемлекет қашықтан білім беру арқылы қоғамдық келісім қағидаттарын бұзды. Адамдар салық төлеуді жалғастыруда, бірақ мемлекет тегін емдеу және оқытуға қатысты міндеттемелерін орындай алмауда. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары өздерінің негізгі жұмыстарымен бірге мұғалімдердің жұмысын да атқаруға мәжбүр.  Мемлекет бұған көңіл аударып, қандай да бір жауап қатуы керек шығар? Мәселен осындай қиын кезеңде салықтан босатсын.

— Бұл мәселеге қатысты мен сізбен келісемін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз міндеттерін толық орындамауда. Пандемия кезінде  ӘМСҚ-ға төлем аударған салық төлеушілер тіпті өз есебінен тест жасады. Ал ауруханға пневмониямен түскен  пациенттер қор барлық дәрі-дәрмектерді қамтымайтынын, кейбіреулерін өздері сатып алуға тура келгенін айтып шағымданды.

Президент қордың жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Ал қор қызметкерлерінің жалақысы жоғары, түрлі қосымша ақылар мен сыйақылар алады

Яғни, олар өзінің тікелей міндеттеріне ақша үнемдесе де, өздерінің жалақсын төлеуде еш үнемге жол бермеген. Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, қордың жұмысы ашық және оның мандатына сай болуы үшін қорды қайта іске қосу қажет.

Білім министрлігіне келер болсақ, оның жанында осындай бюджеті бар қор жоқ. Мен, мысалы, мемлекет өз уақытында салалық салық қорларын (мысалы, Жол қоры сияқты) қалыптастырудан бас тартып, барлық салық мемлекеттік бюджетке түсуі тиіс деп шешім қабылдағаны өте дұрыс болды деп санаймын. Ал одан әрі ол мемлекеттік басқарма – парламент пен мәслихаттар қарастырып, бекітіп және бақылауы тиіс.

Өкінішке орай, кейіннен одан бас тартты.

Ал бізде халықтық ақшаға қаржыландырылатын жабық құрылымдар пайда болды, бірақ олар өз ведомствосына ғана есеп береді

Менің ойымша, бізге салық салуға өте маңызды реформа жүргізіп, бюджетті қалыптастыру мен оны жұмсауды барынша ашық, түсінікті және қоғам үшін пайдалы ету керек.

Әлеуметтік шығындардың ішіне тұрғын үй де кіреді

— Оқыту және емдеу — мемлекеттің әлеуметтік міндеті. Алайда, оның бір бөлігі қарапайым азаматтың иығында жатыр. Емделу үшін жарна төле. Оқу үшін оқушыны мемлекеттің белгіленген талаптарына сәйкес қажетті құрал-жабдықтар мен құралдарды сатып ал. Қазір құқықтар мен міндеттерді әділ бөлу қағидаты бұзылған.

— Егер әлеуметтік шығындар туралы айтатын болсақ, бұл тек медицина ғана емес. Бұған сонымен қатар тұрғын үй, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар, білім беру де кіреді.

Өйткені, ӘМСҚ тек «сақтандыру қоры» деп аталады. Бірақ онда жеке шоттар да, жеке жауапкершілік те, оның ішінде өзінің денсаулығы үшін жауапкершілік те жоқ

Нақты сақтандыру медицинасында ай сайынғы жарналарым менің өмір салтыма байланысты: жаман әдеттерім аз болған сайын мен соғұрлым аз төлеймін. Ал шотымдағы қаржыны аз жұмсаған сайын, көбірек инвестициялық табыс түседі. Клиент қандай клиникаға және қандай дәрігерге, тіпті шетелге  баратынын да өзі таңдайды.

Қор өз клиенттерінің құқықтарын қорғап,  сапасыз ем көрсеткені үшін клиникалармен соттасады. Ал бізде, қанша жарна төлесең де, басқалармен бірдей ем аласың. Қор сізді қандай қызмет көрсетілгеніне, емдеді ме, жоқ па,  немқұрайлы қарайды.

Сондықтан, іс жүзінде ӘМСҚ сақтандыру емес, бұл салалық салық қоры

Бірақ барлық әлеуметтік шығындардың табиғаты бір:  ақша аударылады, бірақ тікелей пайда болатын кірістермен өтелмейді. Бұл бір бағыттағы қаржы ағыны. Оларды бірыңғай белгіге және бірыңғай логикаға келтіру  керек.

Әлеуметтік қорды қаржыландыру үлгісі

— Ал білім беруге қатысты мәселені қалай шешу керек? Өйткені, қашықтықтан оқыту  ата-аналардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екені, мемлекеттің өз міндеттемелерін орындауға техникалық дайын еместігі белгілі.

Сіз дұрыс айтып отырсыз, мемлекет тегін білім беруге міндетті, бірақ оны техникалық жағынан қамтамасыз ете алмайды. Материалдық жағдайына қарамастан әр ата-ана баласының білім алуына жағдай жасауға мәжбүр.

Бірақ, біріншіден,  қазіргідей ерекше жағдайға білім беру және цифрлық қызмет жүйеміз дайын емес болып шықты

Жоғарыда айтқан қылмыстық істер осыған байланысты болуы мүмкін. Екіншіден, мұндай жағдайларда бай қалалардың ғана емес, жалпы барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін неғұрлым икемді қаржыландыру жүйесі қажет. Мәселе дұрыс қойылған, бірақ мұндай проблемаларды қаржыландыру моделін дұрыс таңдау керек.

Біз не барлық салық пен міндетті төлем бірыңғай бюджетке түсетін және қоғамда ашық талқыланып, парламент пен мәслихат бекітетін және бақылайтын жүйеге қайта ораламыз. Немесе қорлар жүйесі бойынша жүрсек, әлеуметтік мәселелер бірге қаралып, өзара байланыста шешеміз. Сонда ғана түсінікті және теңдестірілген әлеуметтік саясат болады. Ал

қоғам басымдықты таңдап, ресурстарды қайда жұмсауды, нені кейінге қалдыру керегін шешетін болады

Сонымен қатар мұндай тәсіл азаматтардың өзінің жинақтарына, өмір салтына және шығындарына  дербес жауапкершілігін күшейтер еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз