Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті

Бұл туралы айтып берген, аты-жөнін құпия қалдырған ерікті кәріс тілін жақсы меңгерген. Сол себепті павильон иелерінің өзара талқылап жатқанын естіген екен.

“Ұйымдастырушылар аң-таң болып отыр. Ішке бір мезетте 50 адамға дейін кіре алады. Бірақ, біздің адамдар мұны түсінбей, кезекті бұза-жарып кіргісі келеді. Сөйтіп кіремін деп қолайсыздыққа тап болады, қоршауларды бұзып кетеді. Ұйымдастырушылар қазақстандықтарды өз арасында, жұмсақтап айтқанда жетесіз деп санайды”, – дейді ол.

“Келушілер соңғы бөлмеге кірген кезде оларға планшеттер таратылады. Соның көмегімен олар таныса алады. Бірақ, шығар кезде бұл планшеттерді қайтару керек. Ал біздікілер бұны сый деп санайды да, құрылғыларды қайтармай кетеді. Екі айдың ішінде 20 планшет жоғалды. Өз басым қатты ұялдым”, – деді ерікті.

Кейінірек, Оңтүстік Корея мемлекетінің павильоны ұйымдастырушылар планшеттердің жоғалғанын ресми түрде растады және бұл туралы кеңірек түсініктеме беруге уәде етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз