Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков қазақстандық студенттің Санкт-Петербургте теракт ұйымдастырған лаңкес ретінде қарастырылмайтынын айтты.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Көрші елдердің арнайы қызмет өкілдерімен террорлық актіге қатысы бар Ресей азаматы туралы мәліметтерді қарастырып жатырмыз, ол Орталық Азиядан шыққан – Қазақстан азаматы емес. Осыған дейін, БАҚ беттерінде Қазақстан азаматы 1996 жылғы Максим Арышевтың метродағы жарылысқа қатысы бар болуы мүмкін деген ақпараттар шыққан.
Ресей Федерациясының арнайы қызметтері оның жарылыс кезінде дәл ортасында болғаны, жарылысты ұйымдастырушы емес, құрбаны болғанын айтып отыр”
, – деп түсіндірді Нұрғали Білісбеков.
Ол ҰҚК-нің интенсивті түрде ақпарат алмасып отырғанын және алдағы уақытта осы оқиғаның мән-жайы толығымен анықталатынын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 11 адам қаза тауып, 50 адам жараланған. Білісбеков РФ Бас прокуратурасы Мәскеу уақытымен 16:30-да метродағы жарылысты террорлық акт деп ресми түрде жариялағанын айтты. ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кейін іздестіріліп жатқан қазақстандық Максим Арышевтың ата-анасы Ресейге ұшып кетті.