Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандық энергетика инвесторларға киловаты 100 теңгеден болса ғана қызықты – сарапшы

101
Алмаз Әбілдаев, Atameken Business Programs каналынан скриншот

Қазақстан Үкіметі Араб инвесторларына гидроэлектр станциялары және ұлттық холдингтердегі үлестерін саудалап жатқанда, Ресейдің “Интер РАО” энергетикалық холдингі электр энергиясының коммерциялық жеткізілімі үшін республикаға есеп-шот бермекші.

Әңгіме қазір Қазақстан Ресейден келетін ағынды ескертусіз күніне 1,5 ГВт-қа дейін ұлғайтып отырғаны туралы болып отыр. Бұл электр энергиясын арзан бағамен алуға мүмкіндік береді. Қараша айынан бастап Холдинг электр энергиясын коммерциялық тарифпен жеткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан тіпті “Интер РАО”-мен бірге жергілікті тұтынушыларға энергия сату үшін бірлескен кәсіпорын құруға дайын.

Ал біздің энергетикалық шаруашылығымыздың тұралап жатқандығы туралы сарапшылар бірінші жыл айтып отырған жоқ. Соған қарамастан билік әлі де өзара тиімді шарттармен ЕАЭО ортақ энергетикалық нарығын құрылатынына сенімді.

“Қазақстанның энергетикалық аспектілері” орталығының директоры, PhD Алмаз Әбілдаев биліктің қазіргі энергетикалық саясатымен бізді Ресейдің электр қуатына тәуелділік күтіп тұр деп санайды.

ЖЭК орындалмайтын болжамдары

– ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығы 2025 жылы табыс таба алады. Бұл біздің саясаткерлердің мақсаты. Қазір біз ГЭС-ті Араб инвесторына сатып жатырмыз. Бірден Қазақстанда электр энергиясы жетіспейді деген жаңалықтар пайда болып, осыған байланысты Ресейден келетін ағын өсуде. Жалпы Қазақстан энергетикасында не болып жатыр?

– Ресейден алынатын электр энергиясының ағымынан қорқатын ештеңе жоқ. Біз де Өзбекстанның электр қуатының жетіспеушілігі бар аймақтарына энергия сатамыз. Тағы бір нәрсе, бізде елдің солтүстігінде өндіріс көп, ал оңтүстігінде жетіспейді. Энергетикалық қауіпсіздіктің бұл мәселесі әлі толық шешілген жоқ.

Сонымен қатар келесі аспектке назар аудару керек. “Жасыл” энергетиканың дамуына  — көміртексіз, жаңартылатын энергия көздеріне көшуге шамадан тыс көңіл бөлу сәнге айналды.

Бірақ біз тіпті шенеуніктер өз болжамдарында атқан көрсеткіштерге жақындай да алмаймыз

Себебі біздің электр энергиямыздың 75%-ы көмірмен өндіріледі. Тіпті Ресейде бұл тек 26%, Өзбекстанда — 19%, Қырғызстанда — 9%. Сондықтан әр түрлі әдемі сөздер мен уәделерді төкпес бұрын алдымен біздің энергетикалық мәртебемізді білу керек. Біз қай деңгейде тұрмыз? Ондай түсінік жоқ.

Энергетика министрлігі мен Үкімет біз үшін IHS Markit консалтингтік компаниясы жазатын ұлттық энергетикалық баяндамаға сөзсіз сенуді тоқтататын кез келді. Онда мүдделер қақтығысы бар. Олар бұл есепті сыни түрде жаза алмайды – әйтпесе олар өз ақшаларын ала алмайды. Осылайша бәрі жақсы деген сияқты әдемі жазылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар объективті бағалауға үміттеніп, бұл жұмысқа ұлттық сарапшыларды тартуды ұсынады. Осы негізде өз баяндамаларын құрастырмақ.

Есеп әдемі, бірақ өтірік

– Әдемі цифрларға қуанудың маңызы неде?

– Өз қателіктерін мойындамау үшін. Бір нәрсені түсінбеймін, егер елімізде өз сарапшыларымыз бар болса, Қазақстан үшін неге бұл баяндаманы шетелдік компания жазады?

Көпшілігі академиялық топтардан. Олар өз елін басқалардан жақсы біледі, аналитикалық ойлау қабілеті big4 мамандарынан кем емес

Орындалатын жоспарлары мен стратегиялра құру керек қой. Біз Орталық Азия өңірі деңгейінде әріптестерімізбен ынтымақтастықта жұмы істейміз, пікір, зерттеулер алмасамыз. Өңірде не болып жатқанын нақты білеміз.

Жақында Өзбекстан Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездестім. Меніңше, олар 2017 жылы саяси деңгейдегі бұрынғы қателіктерін түсініп, нәтижесін көріп, одан бас тартты. Жаңа Өзбекстанда жаңа стратегия бар. Бір нәрсені баршаға жариялау және оған қол жеткізу бір нәрсе емес екенін түсінеміз.

Ал бізде энергетикалық саясатты қалыптастыруда шындық бұрмалануда. Электр энергетикасындағы қиындықтарды ашық мойындай алмауда

Мұнай-газ саласында көрмелерде жетістіктерімізді көрсетеміз. Бұл біздің Ұлттық компаниямыздың емес, халықаралық ТҰК-ның сіңірген еңбегі. Сонымен бірге электр энергетикасы құлдырауда. Бұл салаға демеу қаржы берілген, маңызды әлеуметтік функцияға ие. Инвестор оған бармайды, өйткені салынған ақшаны қайтару керек. Ол үшін тарифтерді көтеруге тура келеді, ал ол әлеуметтік шиеленісті тудырады.

Тариф рецепті жарамсыз

— Осыған орай, Қазақстан энергетикасының інжу-маржандарын – Шығыс Қазақстандағы екі ГЭС-ті сату мүлде түсініксіз болып тұр. Мұндай жағдайда елдің энергетикалық қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Инвесторды қашан да тек ақшаға қызықтырады. Кез-келген батыс компаниялары мен банктерін тыңдаңыз, оларда бір ғана рецепт бар – тарифтерді екі есе көтеру. Әлеуметтік Қазақстанда бұл мүмкін емес. Біз Конституция бойынша ең алдымен әлеуметтік мемлекетпіз. Мүмкін түсініксіз капитализм ойындарын аздап шектеп, елдің энергетикалық қауіпсіздігімен тығыз айналыса бастайтын кез келген болар?

Қазақстанның электр энергетикасының барлық ағымдағы қиындықтарының артында шын мәнінде саяси факторлар тұр. Сондықтан калькуляторлық тәсіл қолайсыз деп санаймын

Республикада энергетикалық тапшылық 2025 жылдан ертерек басталады. Мұны Энергетика министрлігі айтуда. Батыс өңірлерде, мысалы, соңғы 3-4 жылдағы қатты ыстық ауа-райы жаз қиындықтар туғызып, жарықтың сөнуіне әкелуде. Жаңа өндіруші нысандарды ең көп тұтыну орындарында салу қажет. Бұл рөлді шағын реакторлар орындай алады. Мысалы, оңтүстік аймақтарда.

Мұны ашық түсіндіріп, халыққа объектілер 40 және одан да көп жылға салынатынын, тұтыну еселеп өсетінін айту керек. Сонда ешқандай қастандық теориялары болмайды. Бұл диалогта құзыретті адамдар қажет. Іс жүзінде біз шенеуніктер ештеңе білмейтінін жиі естіп жатамыз. Мемлекеттік позицияны қорғай алмау осыдан-ақ байқалады. Дұрыс энергетикалық саясаттың әсері жеті жылдан кейін болады. Бас пайдасын ғана ойлаушылық сезіледі.

Күндізге шыдаса, түнге де жетер

– Көмірден газға өту көмектеспей ме?

– Мен Қазақстан энергетикасындағы бәсекелес стратегиялар тақырыбын талқыладым. Газ саласының күш-жігерін энергетиктермен біріктіру қажеттілігін атап өттім.

Тағы да көршілерді мысалға келтірейік. Өзбекстанда газдандыру 66% электр өндірісін қамтамасыз етеді. Біз де солай ітеуімізге болады. Біз көмірден кетуіміз керек, қазіргі шешім – тек газ. Жаңартылатын энергия бұл мәселені шешпейді. Ол бірден үлкен электр энергиясын өндіре алмайды. Демек, балама көздерге көшу біртіндеп жүреді.

50 жыл – бұл шындыққа жанасатын ең аз уақыт, менің ойымша. Бірақ бұл 50 жылға дейін қандай да бір жолмен өмір сүруіміз керек. Стратегиялық секторлар мемлекеттік болуы тиіс. Әйтпесе, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаймыз

Өз ресурстарымыз бола отырып, біз әлі күнге дейін шетелден импорттаймыз:

    • мұнай өнімдері, әсіресе қысқы дизель отыны
    • керосин
    • электр энергиясы
    • табиғи газ
    • химиялық өнімдер
    • евро 6 және одан жоғары стандартты бензин

Бұл ең алдымен энергетикалық саясатты бағыттау керек болатын ең қажеттілердің тізімә.

Қазақстанда энергетиканы жаңғыртуды тұтынушылардың мойнына ілуге болмайды

Көптеген аймақтардағы адамдардың орташа жалақысы төмен болғандықтан бұл қоғамға қарсы қадам болады. Қазақстанның технократиялық элитасы халықтың мемлекеттен күткен үмітін түсінбей, параллель әлемде өмір сүреді. Олардың глобусында тек бірнеше ел ғана бар. Сыртқы әлем қатты өзгеруде, энергия ресурстарын өткізудің әлемдік нарықтары неғұрлым бәсекелес бола түсуде деген түсінік жоқ.

Электр энергетикасындағы дағдарыс бізде жүйелі, бүгін пайда болған жоқ. Ол кем дегенде он жылдан бері бар.

Дұрыс саясат – жетістіктің бір бөлігі

– Қазақстанда көптеген адамдар энергия тапшылығын криптовалюта майнингімен байланыстырады. Бұл Қазақстан үшін нағыз энергетикалық шыңырау ма?

— Жоқ, олай ойламаймын. Бұл эпизодтық құбылыс. Мен қазір жүйелі түрде, болашақта өзгерту қажет жаһандық нәрселер туралы айтып отырмын.

Таяу болашақта бізді күтетін әлсіздік – Ресейден электр энергиясын сатып алуға тәуелділік

Бұл Еуразиялық одаққа емес, Қазақстанның дұрыс емес электр энергетикалық әрекеттеріне байланысты. Бірақ егер мемлекеттің еркі өзінде болса, бәрін түзетуге болады.

Энергетика министрлігін бөлген жөн. Мұнай мен газ электр энергетикасынан бөлек қадағалануы тиіс. Бір ведомство екі пациентті теңдей дәрежеде қарай алмайды, олардың біреуі соншалықты мықты, тіпті спорттық рекордтардан асып түседі, ал екіншісі сол мезетте қатты ақсап, тіпті болашақта жоқ болып кетуі мүмкін.

Ең қажетті міндеттерді іске асыруға кететін 12 жылға бізге 17-ден 54 млрд долларға дейін қаражат қажет

Бұл электр желілерін, турбиналар мен инфрақұрылымды ауыстыруға мүмкіндік береді. Олардың бүгінде тозығы жеткен. Егер мемлекет онымен өзі айналыспаса, оны ешқандай инвестор жасамайды. Немесе егер киловатт 100 теңге тұратын болса ғана жасайды.

— Бізде бүкіл “Самұрық-Энерго” АҚ осы шаруашылықты басқарумен айналыспай ма?

– “Самұрық-Энерго” электр энергиясының тек 30%-ын өндіреді. Және ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысуға міндетті емес. Бұл тіптен оның өкілеттігіне кірмейді. Жарғылық мақсаттары бар еншілес компания. Оның жүгі– үкімет.

Халықты, ең алдымен, оның кірістерін ескере отырып, электр энергиясының қол жетімділігі алаңдатады

Кез-келген жағымсыз сценарий — энергетикалық нысандарды инвесторларға беру немесе басқа мемлекеттерден жеткізілімге тәуелділікке көшу болсын, сөзсіз халыққа соққы болады.

Қазір қиындықтарды мойындап, оларды шешу үшін прагматикалық әрі қолжетімді мақсаттар қою керек. Ешкім біз үшін оны жасамайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз