Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстандық банктер салымшыларынан айырылып жатыр

“ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі салымдардың жалпы көлемі 2018 жылдың ақпан айының соңында 16,5 триллион теңгені құрады – бұл биыл қаңтар айындағы көрсеткіштен 1,8%-ға кем. Алайда бір жыл ішіндегі көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ.

Салымдардың жалпы көлемі былтырғы деңгейде қалса да, құрылымында бірқатар өзгеріс бар.

“Ұжымдық салымдардың үлесі бір жыл ішінде 53,9%-дан 50,7%-ға дейін төмендеді, яғни 530,1 миллиард теңгеге қысқарып, 8,4 триллион теңгені құраса, жеке салымдар үлесі 46,1%-дан 49,3%-ға артып, 8,1 триллион теңге болды”, — деп хабарлайды портал.

Салым көлемінің ұлғаюы бойынша көш бастап тұрған – Сбербанк:175,7 миллиард теңге өсім байқалады. Бұл банк ұжымдық және жеке депозиттердің өсімі бойынша екінші деңгейлі банктер ішінде үздік бестікке кіреді. Одан кейін Kaspi – өсім көлемі 170,8 миллиард теңге және ForteBank — 152 миллиард теңге.

Әрі қарай үздіктер тізімінде салым мөлшері 120,8 миллиард теңгеге артқан Qazkom және Тұрғын үй жинақ банкі – 113 миллиард теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз