6 бірдей Қазақстан азаматы несие алудан рекорд орнатты. Небәрі бірнеше жылдың ішінде алтауы қосылып барлығы 600 несие алған.Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Мұндай ерекше статистика алғашқы несиелік бюрода пайда болды. Ал қазақстандық қарыз алушылардың ішінде рекорд орнатқан бір жігіт бар. Ол 6 жылдың ішінде 135 рет несие алған. Әрі бірде бір рет қарызын кешіктірмеген.
Ал өзге несие алушылар одан сәл артта қалып барады. Орта есеппен олардың әрқайсысына 100 несиеден келеді. Қарыз алушылардың екеуінде ғана төлеу уақытын кешіктірген кезі болған. Несиелерді олар бір уақытта емес, бірінен кейін бірін рәсімдеген.