Танымал қазақстандық әнші, продюсер, “А-Студио” тобының негізін қалаушы Байғали Серкебаевтың Ресейдегі мейрамханасынан заңсыз элиталы казино табылды.
Бұл туралы Mash телеграм каналы хабарлады.
Әншіге тиесілі Emporio мейрамханасы Мәскеудің Тверь көшесінде орналасқан. Ондағы “Қызметкерлер есігі” тақтайшасы жазылған бөлмеде заңсыз казино бар екені анықталды.