Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Қазақстандық аграршылар ең заманауи ауыл шаруашылығы техникасына қол жеткізе алады

AGCO Corporation және «Orbis Agro Machinery» ЖШС тұлғасында «Orbis Kazakhstan» Компаниялар Тобы арасында дистрибьюторлық келісімге қол қойылды. Нәтижесінде Orbis Agro Machinery Қазақстан аумағында эксклюзивті дистрибьютор болды.

Orbis Kazakhstan соңғы бірнеше жылда әлемде ауыл шаруашылығы техникасының негізгі жеткізушілерінің бірі AGCO корпорациясы болып табылатынын атап өтті. Американдық өндіруші ауылшаруашылық жабдықтарын әзірлеуде, өндіруде және сатуда әлемдік көшбасшы болып табылады және бүкіл әлем бойынша 140 елде 3100-ден астам тәуелсіз дилерлер мен дистрибьюторлар тарататын тракторлардың, комбайндардың, егіс кешендерінің, бүріккіштердің, жемшөп дайындау және топырақ өңдеу жабдықтарының толық спектрін ұсынады.

Ауыл шаруашылығы – жұмыспен қамтылғандар саны бойынша еліміздегі екінші сала. Ауылдық жерлерде халықтың 42% – ға жуығы тұрады, бұл ретте салада 1,5 млн адам жұмыс істейді. Қазақстан аумағы бойынша тоғызыншы орында; аумақтың шамамен 74% елде ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды. Енді FENDT және VALTRA техникасы Қазақстанда да пайдаланылатын болады, бұл агробизнесті дамытуда аграршыларға үлкен демеу болады. Бұл ауылшаруашылық техникасының негізгі артықшылықтары – өнімділік, толық ассортимент, үнемділік, жайлылық және жұмыстың барлық кезеңдерінде бақылау процестерінің автоматтандырылуы, сонымен қатар операторсыз бірқатар техниканың жұмыс істеу мүмкіндігі.

– FENDT және VALTRA ауыл шаруашылық техникасы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында, астық өңдеу мен фермаларды жабдықтауда барлық негізгі технологиялық процестердің орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті. AGCO тек техника мен жабдықты ғана емес, агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпқойларға арналған жоғары технологиялық шешімдерді де жасап, іске асырады. Біз өз тарапымыздан жоғары сапалы қызмет көрсетуді, ыңғайлы қаржыландыру бағдарламаларын және бәсекелі бағаны қамтамасыз етуге ниеттіміз, – деп атап өтті Orbis Agro Machinery бас директоры Игорь Вдовин.

Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы техникасын Алматы мен Көкшетаудан сатып алуға болады, онда FENDT және VALTRA фирмалық дилерлік орталықтары ашылды, олар сәйкесінше оңтүстік және солтүстік өңірлерді қамтиды. Егер Көкшетау қаласында кеңсенің ашылуы өңірдің бай аграрлық дәстүрлерімен байланысты болса, онда топырақтың тығыздығын және ауа-райының ерекшелігін, сондай-ақ үлкен алаңдарды ескере отырып, қуаттылығы жоғары ауыл шаруашылығы техникасы сұранысқа ие болса, онда Алматы қаласын таңдау мегаполистің жоғары іскерлік белсенділігімен байланысты.
Orbis Kazakhstan компаниясы алдағы екі жылда Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы техникасын сатудың өсетініне сенімді, өйткені дистрибьютор ҚР-ның барлық қалаларында кең дилерлік желіге ие, ол жерде клиентті кешенді қолдаудан басқа америкалық корпорацияның жоғары стандарттарын қолдайтын сервистік орталықтар орналасқан. Мысалы, Қазақстанда қазірдің өзінде компания Германия мен Финляндияда өндірілетін қуаттылығы 154 а.к. асатын тракторларды, сондай-ақ Италиядағы AGCO зауытында өндірілген қуаттылығы 350 а. к. асатын комбайндарды сататыны белгілі.

ҚР-да жергілікті аграршылар үшін қолжетімді бағаға дистрибьюторға берілген жеңілдік есебінен қол жеткізілетін болады. Бұдан басқа, Orbis Kazakhstan Компаниялар Тобының қаржыландыру бағдарламаларының арқасында техниканы лизингке/кредитке/бөліп төлеу арқылы сатып алу қарастырылуы мүмкін. Айта кетейік, Orbis Kazakhstan FENDT және VALTRA техникасын Қазақстанның барлық аумағында іске асыруға айрықша құқыққа ие болады, бұл өз кезегінде американдық концерннің іскерлік тәжірибесін қабылдауды білдіреді. Orbis Finance арқылы «Қаржы лизингі» құралын іске қосу жоспарлануда, қазіргі уақытта әлеуетті клиенттер үшін ыңғайлы өтеу нұсқалары қарастырылуда. Сондай-ақ, ресми дистрибьютор AGCO корпорациясының стандарттарына негізделген FENDT және VALTRA техникасына кепілдік, қызмет көрсету және қолдау көрсетуді көздейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз