Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деген кім?

566

Содан, екі жарым айдан кейін Сталин Голощекинді Қазақстанға жіберді емес пе?

Рысқұлов Мәскеуге кетті, Сейфуллин халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметіне алынды. Міне, тапқан пайдалары. Осыны біле тұра біз неге бәрін «Қу жақтан» көреміз. Ол бұл жаққа сұранып келген жоқ қой. Өзіміз ғой, «қазақты қазақ басқара алмайды» деп өзге ұлттың өкілін шақыртқан. Осыған неге қазір баға бермейміз? Ойбай, Смағұл Сәдуақасов қарсы болды деседі. Смағұл соған қарсы болды.

Ол

«Қазақстанды басқара алатын қазақтар бар. Қазақстанға өнеркәсіп салу керек. Біз жүнді неге Қазақстанда қырқып, Өзбекстанда жудырып, Ресейдің Иванов қаласында тоқытамыз? Неге осының бәрін бір жерде істетпейміз. Бүйте берсек, шикізаттың республикасы болып қаламыз ғой»,

– деп сол кездің өзінде Сәдуақасов шырылдады емес пе?

Сондай-ақ, ол «оқу-ағартуды, мемлекеттік тіл – қазақ тілінен бастауға тиіспіз», – деді.

Сол үшін жергіліктендіру деген заң қабылдатты.

Ойбай, бұл ұлтшыл дестік. Оған қарсы күрес басталды. Осының бәрін талдап, қысқасы бұлақтың басын ашуға тиіспіз ғой?
https://kaz.365info.kz/men-ozgermejmin-deputat-khuanysh-syltanov-amangeldi-ajtalyga-renzhip-khalypty-263812
Екінші, «Алашордашлар ұсталсын, тәркілеуге бөгетін тигізеді, мойынсерікке қарсы көтеріліс бастайды. Осы науқан тездетілсін», деп «Ақжол» газетін жаптырған кімдер? Тағы манағы екеуі.

Мұның бәрі архивтерде қаттаулы тұр. Көзі жетпегендер, маған сенбесе архивке барып, сөрені ақтарып, таныссын.

1927 жылғы тәркілеуде қазақ халқы үлкен күйзеліске ұшырады. Мәскеуден арнайы сапармен Қазақстанға келіп, коллективизация тездетілсін деп, комиссия құрып, басқарып, баяндама жасаған кім? Айтшы кім? Елтай Ерназаров секілді адамдарды жан-жаққа аттандырып, тәркілеуді жеделдеттірген, иісі қазақтың малын ортаға салуға үгіттеттірген кім? Тағы сол Рысқұлов.

Иә сол жолы ол теміржол құрылысын бастады. Сөз жоқ, ұлы тірлік. Теміржол еліміздің дамуы үшін үлкен рөл атқарды. Мұны мойындаймыз. Бірақ әлгіндей істерін қалай ақтап алуға болады?
https://kaz.365info.kz/myanma-dejsizder-4-mln-khazakhty-khyrgan-stalin-khylmysyn-khalaj-zhasyrganyn-bilesiz-be-279084
Ал 1932 жылы Исаев екінші хатшы, сонымен қатар Құлымбетов пен Құрамысовтар мемлекетті ұстап отырды. Шаруашылықтың бәрі солардың қолында. Бірақ аштан қырылғандар есіктерінің алдында үйіліп жатты. Комсомолдар өліктерді күн-түн демей жинап әкетіп жатты. Оны Голощекин де, өзгелер де біліп отырды. Бір шара қолдануға болар еді ғой? Бір жыл емес, халықтың аштан қынадай түсіп жатқанына екінші жылға аяқ басты. Сонда деймін ғой, мемлекет не істеп отыр? Көрсоқыр ма сонша! Жағдай солай бола тұрса да, оны мойындағысы келмеген Құрамысов былай дейді: «Халық жаулары, яғни алашордашылар (ол кезде барлық алашордашылар түрмеге түскен, атылатыны атылып, қалғаны айдауда еді), халық шаруашылығында күйзеліс бар дейді. Бұл сол алашордашылардың шығарған өтірігі. Біз қажет болса, революция үшін барлық қазақ халқын құрбанға шалуға даярмыз» – деп баяндама жасаған.

Мұны айтқызып отырған кім? Әрине, дәл осы сөзді Мәскеу айтқызған жоқ. Қазақтардың өздері айтып отыр. Қазір солардың аттары аспандап тұр. Көшелер берілген».

Осы жолдарды оқып, біртүрлі болып қалдым. Өйткені бұған дейін Тұрар мен Сәкен ағалардың аруағын қатты қадірлеп келген едім.

Егер де «қазақты қазақ басқара алмайды» дегені рас болса, онда ол кісілерге деген құрметім жоғалары анық.

Шындығы қайсы сонда?

https://kaz.365info.kz/sayasi-elitanyn-satkhyn-bolganyn-mojyndajtyn-uakhyt-keldi-tarihshy-264507
Айгүл Еркінбекқызы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз