Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
480
+2.25
EUR
532
+5.78
RUB
5.27
+0.03

Қазақстанды кезең-кезеңмен орын алатын девальвация күтіп тұр – сарапшы

Қалай дегенмен де Қазақстан да, Ресей де мұнайдан түсетін табысқа тәуелді мемлекеттер. Олар ел экономикасын әртараптандыру үшін ешнәрсе жасап жатқан жоқ.

Әрине, Трамп ұстанған саясат халықаралық нарықтағы мұнай бағасын өсіреді, бірақ бұл АҚШ шығанағында өндіріліп жатқан тақта тастан (сланцы) алынатын мұнайды өткізу үшін жасалған қарекет. Сондықтан тағы да біздің мұнай экспортымыз шектеліп қалмақ.

Жалпы, соңғы 25 жылда Қазақстан мұнай бағасының өсімі мен мұнайды көптеп игеру арқылы көптеген мәселесін шешіп алды. Бірақ әлем бір орнында тұрмайды ғой, қазір ол заман жоқ. Бұрын нарыққа мұнай жеткізушілер қатары сирек еді. Ал қазір, керісінше. Қазір нарықта сұраныс пен ұсыныс әрең теңесіп тұр. Қазақстан, әдеттегідей мұнай өндіру көлемін арттыруы мүмкін, бірақ бұл нарықтағы бағаның арзандауына әкеліп соғады. Саясаткерлер мұнай өндіруді арттырсақ, мәселе шешіледі деп жаман үйреніп алған. Алайда бұл тәсіл де құтқарушы рөлін жойған.

Мамандар таяу 5 жылда бізге тиімді деген, яғни мұнайдың бір баррелі 90-100 доллар болуы екіталай деп болжам жасайды.

Сондықтан қазіргі экономикалық бағытқа ары қарай сүйене берсе, онда Қазақстанды кезең-кезеңмен орын алатын девальвация күтіп тұр деп болжам жасауға болады. Бұл – Қазақстан экономикасындағы жаттанды құбылыс.

Мұнайдан түскен ақша, арзан импорт және ішкі өндірістің жоқтығы сынды экономикалық саясаттың әкеп тірейтін ақыры осылай болады өзі. Оны аңғаруға керемет бастың да керегі жоқ.

Еске сала кетелік, Қазақстанда WhatsApp желісі арқылы Сбербанктің құжаты тарап, онда осы жылдың 15 ақпанындағы шетел валюталарының болашақ курсы көрсетілген. Атап айтқанда, банк құжатында 1 доллардың құны 410 теңге, ал 1 евро 440 теңге деп болжанып беріледі. Банк өз кезегінде мұның еліміздің валюта бағамына еш қатысы жоқтығын, ойша есептелген жәй болжам ретіндегі ішкі құжат екенін мәлімдеді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз