Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
424
0.00
EUR
498
0.00
RUB
5.82
0.00

Қазақстандағы жұмыртқадан белсіздікке соқтыратын улы зат табылды

Ал сараптама Чехияда жүргізілген. Елімізде азық-түлікті жан-жақты тексеретін зертхана болмағандықтан, жергілікті экологтар жұмыртқаларды сонда жіберіпті. Халық көп тұтынатын азықтан улы химикат аса көп мөлшерде бұған дейін Германияда анықталған болатын. Ал біздегі көрсеткіш одан тоғыз есе асып түсіпті.

“Бұл химикаттар тобы адам ағзасына бірден әсер етпейді. Әсері 10 жылдан кейін байқалуы мүмкін. Әрі ол қан арқылы ұрпағына беріледі. Соның салдарынан адам қатерлі ісікке немесе белсіздікке, бедеулікке ұшырауы ықтимал”, — дейді эколог-дәрігер Мартин Скальский.

Бірақ белсіздік те, бедеулік те батыстықтарды қорқытып отырған жоқ. Қайта бұл өнімді күнде жейтін тұрғындар қолдың жұмыртқасынан пайдалы ас жоқ дейді.

“Сол күнделікті жеп жатамыз енді. Комбикорм, көкшөбін береміз. Нан береміз. Аптасына екі рет дәрісін береміз”, —дейді Басқұдық ауылының тұрғыны Ербол Қыдыров.

Бұған дейін жергілікті экологтар шұбаттан да шикілік тапқан болатын. Онда да ұлттық сусында сан түрлі бактерияның бары айтылған. Сарапшылар бұған Маңғыстау экологиясының нашарлығы себеп деп отыр. Оған кінәлі мал емес, тұрғындардың өздері. Қоқысты беталды тастап, ал тауық, түйе атаулы содан қоректенген.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз