Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандағы орташа зейнетақы 66 мың теңгеден асты

Бүгінде 669,6 мың адам мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алуда. Оның ішінде 506,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 161,2 мың адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, 1,8 мың адам жасына байланысты әлеуметтік көмекпен қамтылған.

Ал, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 32 392 теңгені құраса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін көмек құны 28 571 теңгені, сондай-ақ, жасына байланысты алатын әлеметтік жәрдемақы  12 719 теңгеге жетті.+

Атап өтер жайт, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеп, оған Мемлекет басшысы қол қойған болатын.

Аталған құжат бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өткен жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшері 20 пайызға  артты.

Дереккөз: Қазақпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз